Қызық дерек: Жер бетіндегі 2 пайыз адамның ғана көзі жасыл

Уақыты: 26.05.2023
Оқылды: 997

Сіз организіміңіздегі бактериялар туралы не білесіз?  Ғалымдардың растауынша денеде шамамен 2 келідей бактерия өмір сүреді.

Бактериялар да біз секілді. Тамақ қажет етеді, ауырады, соғысады, бір-біріне қамқорлық жасайды, туады және өледі. Олардың қажеттілігін өтесек, біздің денсаулығымызды да күтеді.

Ішек бактерияларының негізгі жұмысының бірі - тағамды молекулаларға бөлу, осылайша қанға сіңіреді.

Адамның таңертеңгі уақыттағы бойы кешкіге қарағанда, шамамен 8 миллиметрге ұзынырақ болады. Ал, миында туылған сәттен бастап 14 миллиард жасуша болады. Оның саны ұлғаймайды. Керісінше, 25 жастан кейін күніне 100 мыңға азаяды.

Шашыңызды қаншалықты жиі қиасыз? Мысалыға өміріңіздің соңына дейін өсетін шаштың ұзындығы – 725 шақырымды құрайды екен, ойлап көріңізші? Бір шаштың өзі 100-ден 200 грамға дейінгі салмақтағы затты ұстап тұруға шамасы келеді. Әйел адамның бұрымы екі жүз мың шаштан тұрады және ол 20 тонна салмақтағы затты көтере алады.

Тағы бір қызық ақпаратқа көз жүгіртейік. Көзіміздің көлемі өміріміздің соңына дейін өзгермейді. Ал мұрнымыз бен құлағымыз өсуін ешқашан тоқтатпайды, қызық, иә?

Көз демекші, көздің ішіндегі торда жарықты сезінгіш 137 миллион жасуша бар. Оның 130 миллионы қара-ақ түсті көруге арналған таяқшалар, ал 7 миллионы – түрлі түстерді көруге арналған қосымша жасушалар. Жер бетіндегі 2 пайыз адамның ғана көзінің түсі – жасыл. Көздің салмағы 8 граммды құрайды.

Ал, көз жасының теге тұз татитынын ойлап көрдің бе? Көз жасының шамамен 99%-ы су, қалғаны бейорганикалық заттар, оның ішінде натрий хлориді (тұз) бар.

Нұрила Кариманова,
ЖУ-дың 3-курс студенті
Сурет автордікі