Талдықорған: +37°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам және медиа

Корректор

28.06.2026
Қоғам және медиа
Корректор
WhatsAppTelegramFacebook

Газет бетіне шыққан әрбір мақала оқырманға дайын күйінде жетеді. Бірақ сол дайын мәтіннің артында көпшілік байқай бермейтін үлкен еңбек бар. Автор жазады, редактор өңдейді, беттеуші орналастырады. Ал мәтіннің сауатты, жинақы, қатесіз шығуына жауап беретін маңызды маман – корректор. 

Осы жауапты қызметтің қиындығы мен қызығын, соның зейнетін көріп отырған жандардың бірі Злиха ҚҰМҒАНБАЕВА. Ол 1976 жылдың қараша айында, небәрі 18 жасында корректор болып еңбек жолын бастаған. Алғашқы қадамын «Жерұйық» газетінде жасап, кейін бұл қызметін «Jetisý» газетінде жалғастырды. Содан зейнетке шыққанша баспасөз саласында жарты ғасырға жуық уақыт еңбек етіп, газет ісінің ішкі тәртібін, мәтін мәдениетін, әр сөзге жауапкершілікпен қараудың маңызын терең сезінді.

Көп адам корректорды тек әріп қатесін түзететін маман деп ойлайды. Шын мәнінде бұл жұмыс үлкен мұқияттылықты, сауаттылықты, төзімділікті талап етеді. Бір әріптің қате кетуі адам атының бұрмалануына, жер-су атауының өзгеруіне немесе тұтас сөйлемнің мағынасы ауысуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан корректор әр сөзге, әр тыныс белгісіне жауап-кершілікпен қарайды. Злиха Құмғанбаеваның айтуынша, газеттегі корректорлық жұмыс оқырман алдындағы жауапкершілік. Өйткені басылым бетіне шыққан дүние көпшілікке тарайды, ел оқиды, архивте қалады. Газетте кеткен қате біркүндік кемшілік қана емес, кейінге сақталатын олқылық болуы да мүмкін.

– Корректор болу үшін ең алдымен сабыр керек. Кейде бір мәтінді бірнеше рет қарап шығасың. Уақыт тығыз, газет шығатын сәтте асығыстықпен қатені өткізіп жіберуге болмайды. Әр сөзге жауапкершілікпен қарау керек, – дейді ол.

Газет жұмысы көбіне уақытпен жарыса жүреді. Материал кеш түседі, шұғыл жаңалықтар қосылады, кейде дайын бетке қайта өзгеріс енгізіледі. Осындай сәттерде корректордың қырағылығы ерекше қажет. Бұл еңбектің қызығы да бар. Корректор әр мақала арқылы ел ішіндегі жаңалықты, адам тағдырын, өңір тарихын, мәдениет пен қоғам тынысын алғашқылардың бірі болып оқиды. Газетке келген әр мәтін өз алдына бір әлем. Сол дүниенің оқырманға сауатты әрі түсінікті жетуіне үлес қосу корректор еңбегініңбасты мәні.

Злиха Құмғанбаева «Жерұйық» газетінде бастаған алғашқы жылдарын үлкен мектеп деп біледі. Онда ол мәтінге мұқият қарауды, газет тәртібін сақтауды, әр нөмірдің ұжымдық еңбекпен шығатынын үйренді. Ал«Jetisý» газетінде бұл тәжірибесі толысып, кәсіби дағдысы одан әрі шыңдалды.

– Газет – ұжымдық еңбек. Мұнда әр адамның өз орны бар. Бір тұста салғырттық болса, ол бүкіл басылымның сапасына әсер етеді. Корректор сол үлкен жұмыстың соңғы сүзгісінде тұрады, – дейді Злиха Құмғанбаева.

Шынында, корректор сауатты жазудың сақшысы. Ол байқамаған қате ертең оқырман көзіне түседі. Сондықтан бұл мамандық үнсіз еңбек пен үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Ақпарат ағыны күшейген бүгінгі кезеңде мәтін сапасының маңызы арта түсті. Газетте де, сайтта да, әлеуметтік желіде де жарияланған әр сөздің салмағы бар. Ал сауатты жазу – тіл мәдениеті ғана емес, оқырманға деген құрмет.

Злиха Құмғанбаеваның 18 жасында басталған еңбек жолы баспасөздегі жарты ғасырлық ғұмырға ұласты. Бұл қарапайым көрінгенімен қадірі жоғары мамандыққа деген адалдықтың белгісі.

Омар АҚЫН

Қатысты жаңалықтар

Баспаханашы

Баспаханашы

28.06.2026
«Жетісудың» Алтайы

«Жетісудың» Алтайы

28.06.2026
Корректор

Корректор

28.06.2026
Бай, қуатты болайық!

Бай, қуатты болайық!

28.06.2026
1 шілдеден бастап заңды күшіне енетін Ата заң өзгерістері

1 шілдеден бастап заңды күшіне енетін Ата заң өзгерістері

27.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.