Талдықорған: +27°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам және медиа

Ол кездері барлығы өзгеше еді…

27.06.2026
Қоғам және медиа
Ол кездері барлығы өзгеше еді…
WhatsAppTelegramFacebook

Өзі таңдаған, ғұмырына азық болған  мамандыққа қатысты «бала кезден армандаған едім» деп айтатындар жетерлік. Онысы рас па, әлде жай айта салған сөз бе оны өздері ғана білер. Ал мен олай айта алмаймын.

Біз ауылдағы көп балалы отбасылардың бірі едік. Ол кезде ауылда екі кітапхана бар болатын. Біреуі совхозда болса, екіншісі мектепте. Екеуінің де кітап қоры баршылық және екеуінде де Майра атты өз мамандықтарын жан жүректерімен жақсы көретін  және оқырмандармен туыстарындай қарым-қатынас орната білген аяулы жандар кітапханашылық ететін. Теледидар ауылға енді-енді келе бастаған. Көпшілік бос уаақыттарында радио тыңдап, кітап оқитын. Ауылдағы оқырмандар ішіндегі ең кітапқұмарлардың бірі біздің үйдің отағасы. Әкеміздің әсері болар, үйдегі барлығымыз бала кезімізден кітапты жастана оқитынбыз, әдебиетті сондай жақсы көретінбіз. Сол кітапқұмарлықтың арқасында бір үйден бірнеше әдебиетші мұғалім, журналист шықты.

Мен бірінші сыныпқа барғанда, кітапты судыратып оқитынмын. Бесіншіге көшкенде алғашқы сынып жетекшіміз болған, студент кезінде Мұхтар Әуезовтен дәріс алған Кеңесхен Тәкенов аға әкеммен жақын дос, сырлас еді. Сол кісінің де оң әсері көп болды. Одан кейін бүгінде есімі бүкіл қазаққа мәлім әдебиетші ұстаз Қанипа Бітібаевадан сабақ алу бақыты бұйырды. Екі ұстаз да ертеңімнен үлкен үміт күтіп, барынша баулыды. Кітап менің жан серігіме айналды. Жоғары сыныптарда  мамандық таңдауға қатысты шығармаларымда «қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім боламын» деп жазатынмын. Аудандық газетке шағын мақалалар беретінмін. Түрлі деңгейдегі шығармалар байқауында жүлдегерлер қатарынан көрінетінмін. Ол кезде журналистика туралы нақты  түсінігім жоқ еді. Болашағымды ұстаздықпен байланыстыратынмын.

1978 жылы мектеп бітіріп, Әлия және Ғалия апайларым оқитын Семейдегі  педагогикалық институттың филология факульетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне құжат тапсырдым. Өкінішке қарай, сынақтан өте алмадым. Сөйтсем, тағдыр маған Алматыдағы ҚазМУ-нің журналистика факультетінде білім алуды тарту еткелі тұр екен. Әскерге барып келіп, Алматыдағы атақты АДК-да құрылыста жұмыс істеп жүріп, мектеп бітіргеннен кейін жеті жылдан соң жүрек түкпірінде жатқан мамандығыма бір табан жақындадым. Жылға жуық күндіз жұмыс істеп, кешке дайындық курсында  оқыдым. Қазір таң қаламын, жанталасып жүріп, барлығына үлгеріппіз. Отбасын құрғанмын. Алматының төменгі жағында пәтер жалдап тұрамыз. Кішкентайымыз бар. Оны балабақшаға апарып, алып келудің өзі үлкен жұмыс. Шапқылап жүріп, сегіз айды өткізіп, сынақ тапсырдық. Дайындық курсының бір жақсысы, емтиханда сүрінбесең болды, ұпай санайтын конкурсқа қатыспастан, бірден оқуға түсесің. Бүкіл курс ойдағыдай тапсырып, оқуға іліктік. Алайда филология факультетінің қазақ бөліміне  бөлінген орын аз болып, бәрімізге жетпейтін болып шықты. Оның есесіне  журналистикада бірнеше орын бос қалыпты. Дайындық курсының деканы Нұрахметов газет-журналға мақаласы шыққандардың осы факультетке түсе алатындығын ескертті. Тағы да тауым шағылып қалмауы үшін тәуекелге бел буып, дереу ауылға хабарласып, бір жылдары аудандық газетке шыққан шағын мақалаларымды алдырдым. Жолым болды. Кешкі дайындық курсынан журналистикаға түскен бестіктің ішінен мен сырттай бөлімге білім алуға  кеттім де, қалғандары іштей оқуды таңдады. Осылайша, менің журналистикадағы алғашқы қадамым басталды.

1986 жылғы желтоқсандағы дүрбелеңнен айтарлықтай зардап шеккенмен, бригадамдағы ұйымшылдықтың арқасында  аман қалдым. Ол жылдары қазақтың намысы найзағайдай жарқылдап тұрған. АДК-да он мыңға жуық адам істейтін. Алматыдағы ең ірі өндіріс орындарының бірі. Оншақты жатақханасы бар. Оларда тұратындар түгелге жуық өзіміздің қаракөздер. Алматыдағы қазір өз алдарына жеке-жеке  қалашықтай болып тұрған шағын аудандар енді салына бастаған. Құрылыс алаңдарында қаптаған өзіміздің ұл-қыздар. Бір жақсысы, ол кездері жастар тұратын жерден көп таршылық көре қоймайтын. Үйленгенше жатақханадан пана табатын. АДК-да да  барлық жағдай қарастырылған. Тіпті өзінің көптиражды «Домостройтель» деген газеті де бар. Оның қазақша қосымшасына Сәдуақас Жұбатов редакторлық ететін. Сәкеңмен байланыс орнатып, шағын мақалалар жазып тұрдым. Әлі  есімде, ауылдан келіп, жұмысқа орналасқан қыз балалардың бірі алғашқы еңбек демалысына шығарда, өтініш жазады. Оның орысша білмейтінін пайдаланған бригадирі өтініш мәтінін сайқымазаққа айналдырып, өзінше толтыртады. Осы туралы мәселе көтеріп, оның соңы үлкен әңгімеге айналды. Сонымен бірге «Өркен-Горизонт», «Халық кеңесі», «Алматы ақшамы», «Жетісу», «Социалистік Қазақстан» газеттеріне түрлі мәселелер қозғайтын мақалаларым тұрақты шығатын.  Зайсандағы жер сілкінісінен соң жаңа үйлер салып, зардап шеккендерге бөлудегі әділетсіздік туралы «Мұңға толы Мыңшұңқыр» деген мақаламды Нури Муфтах ағамыз алғысөзбен еліміздің бас газетіне жариялаған. Ал Алматыдағы құрылысшыларды баспанамен қамтудағы келеңсіздіктер жайлы «Үйді салатын біздер, алатын кімдер?» атты мақалам үлкен тексеріске негіз болған еді.

АДК-да жүріп, Алматыдағы алғашқы баспанаға қол жеткіздім. Одан кейін соны үлкейтемін деп тағы бірнеше жыл құрылыста еңбек етуге тура келді.  1986 жылғы желтоқсаннан кейін билікке келген Колбиннің бастамасымен Алматыда «Тұрғын үй — 91» деген бағдарлама қолға алынғанда, қуанған едік. Алайда бұл жобадан да бізге жақсылық болмады. Оны айтасыз, 1968 жылы Алматы қалалық атқару комитеті шығарған «Алматы қаласында тұрғын үй кезегіне тұру үшін қалада бес жыл тұрақты тіркеу болуы қажет» деген, мүлде  ұмыт қалған қаулыны қайта жаңғырта қойғандардың кесірінен, бұрынғы үй кезегімізден айырылып қала жаздадық. Өйткені, ауылдан келгендердің барлығы жұмысқа  тұрғанмен, бірден тұрақты тіркеуге отыра алмайтын. Сол мәселе алдымыздан шықты. Осылайша, мамандығым бойынша жұмысқа орналасуға қатысты мақсатымды тағы бірнеше жылға кейін шегеруге тура келді.

Әне-міне деп жүргенде, заман күрт өзгерді. Дербес мемлекет атандық. Жаппай жекшелендіру басталды. Ұсақ-түйек кәсіпорындарды айтпағанда, АХБК, АДК сынды алып өндіріс орындарының да оты өшуге айналды. Қисапсыз байлық ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Үй кезегі, әлеуметтік қолдау дегендер адыра қалды. «Балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен» күрделі кезеңде күйреген салалардың бірі – құрылыс. Бригадамызбен кім көрінгенге жалданып, жан бақтық. Үйді үлкейтем деген үміт үзілді. Тағы бірер жыл осы салада қалсам, журналист болам деген мақсатым да орындалмайтыны анық. Ақыры тәуекелге бел буып, газеттерді жағаладым. «Халық кеңесіне», «Алматы ақшамына», тағы бірнеше басылымға кіріп-шықтым. Барлығы бұрын газетте істемегенімді білісімен, жылы-жылы сөйлеп, ақырын ғана  шығарып салады. Жрналист курстастардың ақылымен «Жетісу» газетіне  бардым. Жауапты хатшы Жұмаш ағаға кіріп едім, бас редакторға баруым қажеттігін ескертті. Бас редактор Баймолда Мусин ағамыз  қабылдау бөлмесінде көп күттірмеді. Қолы босасымен кіруге рұқсат берді. Атшаптырым кабинеттегі, үлкен емен үстелдің төрінде шашы аппақ, ақсары өңді басы да, қасы да  келісті ірі кісі отыр екен. Амандасқаннан кейін, алдындағы орындыққа отырғызып, өтінішімді тыңдады. Қолымдағы папкада болған газеттерге шыққан мақалалардың қиындыларын алып, көз жүгіртіп шықты. Анда-санда басын шайқап, миығынан жымиып қояды. Ұзақ әңгімелестік.  Ақырындап, әңгімеге тартып отырып, бүкіл өмір тарихымды біліп алды. Бетіме зер сала қарап отырып:

– Бізге өзің сияқты  от пен судан өткен, өмір көрген жігіт керек-ақ. Қазіргі кезде редакцияда жастар жоқ деуге болады. Алайда бұрын газетте  істемегенің қиындау болып тұр. Жазу қолыңнан келеді екен. Мен шешімді жеке-дара шығара алмаймын. Ертең жазған-сызғандарыңның көшірмелерін бірнеше данадан түсіріп, тағы келерсің. Редакция алқасындағылармен ақылдасармыз, – деп шығарып салды.

Сол  күні дұрыс ұйықтай алмадым. Ертеңінде айтқан уақытта редакцияға бардым. Бас редактор, оның орынбсары Ерғали Ахметов, жауапты хатшы Жұмаш Арғымбаев, фототілші Нұрмамбет Қизатов, бөлім меңгерушісі Күлшат Баянбаева бар, редакция алқасы дайын отыр екен. Баймолда аға мен туралы қысқаша баяндады да,  бұрын шыққан мақалаларым мен әңгіме-новелларымды алқа мүшелеріне таратты. Газеттен аты-жөндерін жақсы білетін мықты журналистер менің жазғандарыммен мұқият танысып шықты. Бәрінің пікірі оң болды. Ешқайсысы жаза алмайды екен демеді. Хатшы қызды шақырған бас редактор мені екі айлық сынақ мерзімімен «заң және ақпарат» бөліміне аға тілші етіп қабылдау туралы  бұйрық дайындауды тапсырды. Осылайша күтпеген жерден Алматы облыстық «Жетісу» газетінің аға тілшісі болып шыға келдім.

Журналистік жолым қазіргі Жібек жолы көшесіндегі 50 үйдің алтыншы қабатында орналасқан «Жетісу» газетінің редакциясында басталды. Мен аға тілші болған бөлімнің меңгерушісі Тәуірбек Сұртаев іссапарда екен. Араға апта салып барып келді. Қияқ мұрты қиылған, көзі алақандай үлкен, қызылшырайлы, денелі кісі екен. Мінезі де бар. Бірден жарасып кеттік дей алмаймын. Он жылдан астам құрылыста істеген менің де оңып тұрғаным шамалы. Бірақ бірер айдан соң   ағалы-інілідей болып кеттік. Көп нәрсе үйрендім. Өте мықты журналист еді жарықтық. Жазуы да керемет. Менің – бұрынғы құрылысшының қаламының төселуіне көп әсер етті.

«Жетісуда» қазақ әдебиеті мен журналистикасында ойып тұрып орын алатын талай тұлғамен бірге қызмет істедім, көп нәрсе үйрендім. Әрқайсысы бір-бір мектеп еді десем артық айтқандық бола қоймас. Облыстың ауыл шаруашылығын шемішкеше шағатын Мұғалімбай Жылқайдаров, экономиканы еңсере жазатын Қалдыбай Иманбаев, саясат бөлімін елге мойындатқан Жанайдар Бұралқиев, қалың бұқарамен тығыз қарым-қатынас орната білген Сәлиха Сәмбетова, әдебиет мен мәдениеттің мәйегін тамызған Төлен Қаупынбаев, Әміртай Бөриев, Мінуар Әкімханов, қай салаға қалам тартса да қапы қалмайтын Ілияс Жүніс,  Қорғанбек Аманжолов, Қожан Есжанов сынды үлкен кісілерден журналистиканың қыры мен сырына қанықтым.

1997 жылы Талдықорған облысы таратылып, кезекті рет Алматы облысына қосылды. «Жерұйық» газеті жабылып, Талдықорғандағы редакцияда «Жетісу» газетінің тілшілер қосыны ашылды. Біраз адам бізге ауысты. 1998 жылы ақпанда «Жетісу» газетінің бас редакторлығына Жақыпжан Нұрғожаев тағайындалды. Редакция басшылығында да бірқатар өзгерістер болды. Бас редактордың бірінші орынбасарлығы мен орынбасарлығына бізбен құралыптас Кәдірбек Құнапияұлы мен Мейірбек Оспанов келді. Жауапты хатшы да ауысты. Соған сай қызметтік міндеттерімізде де өзгерістер орын алды, тың талаптар қойылды.  Мен «әлеуметтік мәселелер» бөліміне ауыстым. Жанкүміс Жәмеңке әпкем екеуміз жылға жуық бір бөлмеде отырдық. Сол жылы қыста  мен «заң және ақпарат» бөлімінің меңгерушісі болып бекідім. Арқалы ақын Қайрат Әлімбек марқұм сол жылдары жер-көкке сыймай, жиі жұмыс ауыстыратын. Екеуміз біраз уақыт бір бөлімде жұмыс істедік. Жасырары жоқ, тапшылық бәрімізді жағадан алып тұрғанына қарамастан, көңіліміз көкдөнен еді. Жоқтан бар жасайтын басқосуларымыз жиі болатын. Ащы сумен де жақындау жүрдік. Қазіргі журналистер үйі сынды болған Жібек жолы көшесіндегі 50 үйде тұрған алып ғимараттың кіреберіс дәлізінде дәмхана істейтін, заман солай ма, арақ-шарап еркін сатылатын. Одан қалса, көкбазар іргеде. Іздегеніңнің бәрі табылады. Қарызға беретін таныстар да жетерлік.  Жақыпжан ағамыздың жүрегі кең, көңілі көктем ғой. Емін-еркін еркеледік. Сан рет жұмыстан шығатындай жағдайға жеткенде, ағалық дархандығын танытты.

Әлі есімде, 1998 жылдың басынан бастап «бас редактор ауысады екен» деген қауесет тарап, анау келеді, мынау отырады деген жорамалдар желдей есті. Тіпті өздерін бас редактордың орнынан көріп, қоқырайып келіп, редакцияны аралап кеткендер де болды. Ақпанның үшінші аптасының ортасына таман облыс әкімі Заманбек Нұрқаділовтің өзі ертіп келіп, Жақыпжан Нұрғожаевты бас редакторлыққа отырғызды. Жақаң бұған дейін қызмет істеген журналистер одағы да біздің ғимаратқа жақын орналасқандықтан ол кісі  бұрындары да редакцияға жиі бас сұғатын. Сондықтан көп бөтендігі жоқ. Редакциядағылардың барлығы жаңа бастықтың қай жағынан шығып қаламыз деп абыржып жүргенде, кезекті басқосудан қызулау келген мен, бас редакторда құттықтаушылар отыр дегенді тыңдамастан, кабинетіне кіріп барып, қойнымдағы екі шөлмекті суырып алып үстелге қойып: «Жақа, бас редакторлығыңызды жумаймыз ба?» деппін. Бетіме үңіле қарады да:

– Болат, мыналарыңды алып кет, басқа редакциядағы достарыңа апарып бер. Қазір үйіңе қайт та, ертең жұмысқа келгенде маған кір, – деді.

Ертеңінде жұмыстан шығуға дайындалып келдім. Жиналыс ашты.

– Редакциядағылар бас редактор ауысты, енді бәрімізге тықыр таянды деп абыржып жүргенде, Болат мені лауазымыммен құттықтап, жуып тастапты.  Кеше келіп құттықтап кетті. Айналайын көңіліңе рахмет! Бірақ алдағы кезде абайлағайсың, сенің пейіліңді біреу түсінсе, біреулер ұқпай қалуы мүмкін, – деді. Сол алғашқы кешірім, 2012  жылы мен медиахолдингке қызметке ауысқанша жалғасты. Сан мәрте ағалық ақылын айтып жол сілтеді. Жалпы журналистикада қол жеткізген азды-көпті жетістігімде, бағындырған үлкен-кішілі биіктерімде алғашқы редакторым Баймолда Мусин мен одан кейінгі басшым Жақыпжан Нұрғожаевтың үлесі қомақты десем, басқалар ренжи қоймас.

Журналистикада 31 жыл тер төгіппін. Аға тілшілікен басталған қызметтік жолым, медиахолдинг, серіктестік жетекшісі, өзімнің журналистік жолым басталған «Жетісу» газетіндегі басшылық баспалдақтарымен өрнектелді. Негізгі жұмыстарыма қоса,  2004 жылы республикалық «Айқын» газетіне аймақтық тілшілікке  қабылданып, 2025 жылға дейін осы басылымның облыстағы тілшісі міндетін атқардым. Шамам жеткенше, мамандығыма адал болуға тырыстым. Облыстық газетте заң, құқық бөлімінде істегендіктен, қарапайым адамдардың мұң-мұқтажына, құқына қатысты мәселелерге көп араластым, көмектесуге барымды салдым. «Айқында» да осындай ұстанымнан айнымадым. Қаламымды жамандық жолында пайдаланбадым, ешкімге қиянат қылмадым.  Соның арқасында Жетісудағы ел іздейтін, жұрт жәрдем сұрайтын журналистердің бірі атандым дегенді мақтанышпен айта аламын. Ақиқаттың жолы әрдайым ауыр ғой. Шындыққа жетемін деп жүріп, шетқақпай көрген, жазықсыз жалалы болған, соттасуға тура келген кездер де жиі тіркелді. Біреудің ала жібін аттамағандықтың, пайда көруді көздемегендіктің, ақырын жүріп, анық басқандықтың арқасында солардың барлығынан жүзім жарқын, еңсем тік болып, басқаларды айтпағанда, үстімнен арызданғандардың өздерімен жақсы қарым-қатынаста қалдым. Өз басым ешқашан біреудің үстінен шағымданбадым, жамандық жасамадым, басқаның үстінен жазылған арызға қол қойып көрмеппін. Алматы, Жетісу облыстары бойынша  тоғыз әкіммен бірге жұмыс істедім. Әрбірі өздері басшылық еткен кезеңнің сұранысы мен талабына сай елге қызмет ете білді. Әрқайсысының орны бар. Үлкенді-кішілі әріптестер жайлы да айтар сөз, жазар естелік жетерлік.  Олар жайлы естеліктер алдағы кездің еншісінде.

Қазір ойлап, салыстырып отырсам, бүгінгі мен біздің кездегі журналистиканың арасы жер мен көктей. Ол кездері заманның беталысы да, ортамыз  да бүгінгіден өзгеше еді. Соған сай   адамдардың өзара және қоғамға деген   қарым-қатынасы да қазіргідей емес болатын. Алайда, қандай жағдайда болмасын, мамандыққа адалдықтен,  өзіндік ұстанымыңнан айнымауға тырысқан жөн. Тірлікте түрлі жағдайлар кездеседі. Сол кездері бірінші кезекте істер қарекетіңнің қиянатсыз болуын естен шығармаған абзал. Әйтпесе, жіберген қателігіңді немесе қылған қиянатыңды  басқалар ұмытса да, өзіңнің жадыңдағы елесі  өле-өлгенше жан-дүниеңді мазалары анық.

Мереке құтты болсын, әріптестер!

Елімізде  мерейлі, мәртебелі сәттер молайып, өміріміз жақсылықтармен өрнектелсін!

Ең бастысы қаламға адалдықтан айнымаңыздар!

Болат АБАҒАН
Қазақстанның Құрметті журналисі

Қатысты жаңалықтар

Тәжірибелі таспагер

Тәжірибелі таспагер

28.06.2026
Баспаханашы

Баспаханашы

28.06.2026
«Жетісудың» Алтайы

«Жетісудың» Алтайы

28.06.2026
Корректор

Корректор

28.06.2026
Бай, қуатты болайық!

Бай, қуатты болайық!

28.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.