ТАШКЕНТТЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Уақыты: 03.07.2022
Оқылды: 1035
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

«Ән айтсаң, жаныңды жеп айтасың» деген сөз бекер айтылмаған. Ол үшін қаншама еңбек, дайындық керек.

Міне, талмас еңбектің таудай жетістігін көрген Көксу ауданындағы Өнер мектебінің шәкірттері Ташкент қаласында өткен «Zhuldуz art Kazakhstan» Халықаралық байқауына қатысып, биік жетістікке жетті.  
Атап айтар болсақ, жас өнерпаздар – Жайық  Жұмағазы, Арай Аманжолқызы, Виктория Горелкина вокал номинациясы бойынша Гран-Приді жеңіп алды. Бұл ретте ауданның ғана емес, еліміздің мақтанышына айналған  жүлдегерлерді өнерге баулығын жетекшілері –  Дәулетхан Төлеген, Динара Талдыбаеваның еңбегі зор. Жас ұрпаққа өнердің дәнін сеуіп, түрлі байқауларда бақ сынауға мүмкіндік ашып жүрген Өнер мектебінің шәкірттері көптеген өнер бәйгесінде топ жарып келеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"