ТАЭКВОНДО. ЖЕТІСУЛЫҚТАР ҮЗДІК

Уақыты: 09.02.2023
Оқылды: 1134
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бұл күндері Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында " Таэквондо WT-дан "Fujairah Open G-2"  рейтингтік халықаралық турнирі жалғасуда. Дәстүрлі жарысқа "әлемнің" әр жерінен келген, жасөспірімдер келген. Олардың бәрі де жастықтарына қарамастан талай ірі жарыстарда топ жарғандар. Осындай беделді жарыста Жетісу өңірінің "таэквондошыларының" қатысуларыда мәртебе. Әзірге біздің жерлесіміз Амангелді НҰРАЙ кадеттер арасында 41 кило салмақ дәрежесінде, бар қарсыластарын тізе бүктіріп, турнир жеңімпазы атанды. Амангелдіні жетісулықтар атынан зор табысымен құттықтаймыз. Ал, тағы бір жерлесіміз Дамира БУРАНБАЙ турнирдің қола жүлдегері атанды.

Алуа Оспанжан