ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Уақыты: 13.02.2023
Оқылды: 777
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Көксу ауданы Балпық би ауылында  грек-рим күресінен 2003-2006 жж туған жастар арасында Жетісу облысының чемпионаты аяқталды. Жарысқа Ақсу, Алакөл, Кербұлақ, Панфилов, Сарқан, Ескелді, Көксу аудандары және Талдықорған қаласынан 160-қа жуық балуандар қатысты. Олардың бәрі де өз өңірлерінде өткен іріктеу жарыстарының жеңімпаздары. 


Үш күнге созылған жарыс өте тартысты өтті. Өйткені, осы жарыста топжарғандар республикалық сында облыс намысын қорғайтын болады. Әрі ірі жарыстарда кез-келген спортшы шыңдалып, тәжірибе жинайтындығы белгілі.

Сонымен жарыс қортындысы бойынша Мұхамедәли Тынымбаев Талдықорған ( 50 кг), Нұржан Қайырымбетов Талдықорғандағы Ж. Үшкемпіров атындағы олирпиадалық резервтегі колледж ( 55 кг), Ұлан Сержанов  Ескелді ауданы (67 кг ) және 130 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде Көксу ауданының өкілі Елдос Қуаныш жарыс жеңімпаздары атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық дене-шынықтыру және спорт басқпрмасы дайындаған медальдар мен арнайы дайындалған жүлделерге ие болды.


             Алуа ОСПАНЖАН