101 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ ЕҢ БІРІНШІ БОЛЫП ДАУЫС БЕРДІ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 662
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова таңғы 7:00 де өз таңдауын жасады. 12 құрсақ көтерген әже қарттығына қарамастан еліміздегі әр саяси оқиғада ең бірінші болып дауыс береді. 

"Мен референдумда президент сайлауында да өзім келіп дауыс бергем. Бүгін міне тағы да келдім. Бұл менің парызым. Әркім осылай таңдау жасау керек. Елдің ертеңі жастар. Жасым 101-ге келді. Сондықтан жасымды берсін" деп кейуана батасын берді. 

Сайлау учаскесі ең бірінші болып дауыс берген әжеге құрмет көрсетіп, сыйлық жасады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"