ӨНЕРПАЗДАР ОТБАСЫ ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 561
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Еліміздің баянды болашағы, бақытты өмірі үшін өнерпаздар отбасы бір кісідей дауыс берді.

Талдыбұлақ ауылдық округінде орналасқан 222 сайлау учаскесінде Қазақтың мәдени-рухани өміріне мол үлесін қосып жүрген Доспанбетовтар отбасы дәстүрлі әндерін шырқап, дауыс берушілерді тәнті етті. 

Аудандық мәдени іс-шаралардың бел ортасынан табылатын өнерлі жанұялық ұжым «Ару ана» триосын құрып, өнерлерін көрсетіп жүр. Райкүл Нұрғазымқызының айтуынша өнер саласында қызмет атқарғанына 40 жылдан асыпты. Ақындық өнері де бар екен.

«Туып өскен еліміздің болашағы үшін дауыс бердім. Бұл – әр азаматтың парызы», - деп өз ойын білдірді.

Айгүл Байбосынова,
Кербұлақ ауданы