АБАЙЛАҢЫЗ! ТАЛДЫҚОРҒАНДА ОҚ-ДӘРІЛЕР ЖАСЫРЫЛҒАН ЖЕР ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 24.03.2023
Оқылды: 1072
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорғанда кенеп қапшыққа жасырылған оқ-дәрілер табылды

Аталған жерден тапанша, револьверлер, пулеметтерде және басқа қаруларда қолдануға болтын 9 мм калибрлі 838 патрон табылды.

«Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталатын болады», - дейді Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсаинов.

Фото: көрнекілікке алынды

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ