"Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік": Тоқаев Қазақстан парламентінің бірінші сессиясында сөз сөйледі

Уақыты: 29.03.2023
Оқылды: 799
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі, деп хабарлайды  7-su.kz желілік басылымы Ақорданың ресми Telegram-арнасы дерегіне сүйеніп. 

"Мен бір жыл бұрын осы ғимаратта халыққа Жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік", – деді президент.

Бұдан әрі Президент депутаттардың рөлі едәуір артқанын айтты. 

 "Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ, парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды", – деді Тоқаев

Фото: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ