Дәулет Тұрлыханов ұлының төбелесінен кейін депутаттық кандидатурасынан бас тартқысы келгенін айтты

Уақыты: 30.03.2023
Оқылды: 901
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Астанадан Мәжіліске жаңадан сайланған депутат Дәулет Тұрлыханов ұлының төбелесінен шыққан шудан кейін өзінің депутаттыққа кандидатурасын алғысы келгенін жеткізген.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлаған. 

Ол ұлы Болаттың да басқалар сияқты заң алдында жауап беретінін атап өтті. Айтуынша бұл жерде ешқандай мәртебе сот процесіне әсер етпей әділ болады.

Дәулет Тұрлыханов зардап шеккендермен кездесіп, кешірім сұрағанын да қоса кетті. 

"Оқиғадан соң ата-ана ретінде олармен кездесіп кешірім сұрадым, емделуге көмектесуді ұсындым, бірақ олар бас тартты", - деді ол.

Дәулет Тұрлыханов осы оқиғадан кейін ол Мәжіліс сайлауынан өз кандидатурасын алып тастағысы келгенін айтты. Алайда мұндай шешімге отбасы, достары мен туыстары қарсы болып, райынан қайтарған.

 

Фото: uww.asia