Қазақстаннан жапон тұтқындарының 58 900 қабірі табылды

Уақыты: 20.04.2023
Оқылды: 727
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Сонау 1992 жылы Қазақстанға қонаққа келген жапон принці Такемура сол кездегі Мемлекет басшысынан қазақ даласында қалған қандастарының қабірлері туралы дерек сұраған. Сол кезде әскери тарихшы Асқанбек Сапарұлы жапон әскери тұтқындарының қабірін іздестіріп, табуға сөз беріпті. 

Соғыс ардагері, әскери тарихшы Асқанбек Сапарұлы «Қазақ жеріндегі жапон бейіттері» атты кітап жазған әрі Орта Азияда «Алтын сәулелі күншығыс елінің орденімен» марапатталған тұңғыш адам. 

А. Алданазаров қызметінің елеулі бөлігін жапон мазарларын зерттеуге арнады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Кеңес одағының тұтқынында болған 600 мың жапонның 58 мың 900-і Қазақстан аумағына жіберіліпті. Сол күншығыс елі тұтқындарының қай жерде, қай мекенде, қалай жерленгенін зерттеген бірден-бір ғалым, тарихшы – Асқанбек Алданазаров. 

1994 жылы сәуір айында сол кездегі Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға сапарлай барғанда Асқанбек Сапарұлының кітабын сол кездегі Премьер-Министр Косокаваға сыйға тартады. Дәм-тұзы қазақ даласында таусылып, осында жерленген жапон әскери тұтқындары жайлы кітап зираты олардың туыс-туғандары мен бауырластары үшін құнды дерек көзіне айналады. Күн-түн демей зерттеудің арқасында Қазақстанның 11 облысынан жапон тұтқындарының 58900 қабірі табылды. 

Өз кезегінде Қазақстан территориясындағы поляк әскерлерінің жерленген орындарын анықтап, Польша елінде жерленген 133 қазақстандық жауынгердің қабірін тапқан. Бұл да Асқанбек Сапарұлының әскери тарихшы ретінде еліне қосқан үлесінің бір парасы.

Айя ӘНУАРҚЫЗЫ