Облыс әкімі Көксу ауданының тұрғындарымен кездеседі

Уақыты: 20.04.2023
Оқылды: 386
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Құрметті Көксу ауданының тұрғындары!

Жетісу облысының әкімі Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы 2023 жылғы 4 мамыр күні сағат 14.30-да Балпық би ауылындағы аудандық әкімдік ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Мекенжайы: Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, 40.

Сондай-ақ сағат 15.30-да өңір басшысы аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездеседі. Мекенжайы: Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, 14.

Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y= сілтемесі бойынша және Көксу ауданы әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «koksu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/koksu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y= сілтемесі бойынша жүргізіледі.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі