Халықаралық іздеуде болған Серік Күдебаев ұсталды

Уақыты: 27.04.2023
Оқылды: 898
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов халықаралық іздеу салынған Күдебаевтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Бас прокурордың айтуынша, Күдебаевті Түркиядан алып келген.  

Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасы кезінде комендант ретінде полиция департаментінің ғимаратынан кетіп, тәртіпсіздікке қатысушылардың қару ұрлауына мүмкіндік берді деп айыпталған болатын.

Ол сот отырысына келмей қашып кеткен еді. Кейін Күдебаевтің Қырғызстанмен шекараны кесіп өтіп, Бішкектен Ыстамбұлға ұшқаны белгілі болды. Содан бері Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған.

Оқи отырыңыз: "Қырғызстанмен мемлекеттік шекарадан өтуі мүмкін жерді іздеп жатыр": Күдебаевқа қатысты ҰҚК тың мәлімет таратты.

Фото: ашық дереккөзден