Жеткіншекке алкоголдік ішімдікті сатқан саудагерге шара қолданды

Уақыты: 12.05.2023
Оқылды: 754
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорғанда қалалық полиция басқармасына 60-қа жуық кәмелетке толмаған жасөспірімдер жеткізіліп, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 58 хаттама толтырылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Соның ішінде, 3 баланың ата-анасының тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы бойынша – 47 хаттама толтырылды. Алкоголдік ішімдіктерді жеткіншек жастағы балаларға сатқаны үшін 1 саудагерге қатысты шара қолданылып, қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін ата-аналарға 4 әкімшілік хаттама толтырылды.

Рейд барысында каладағы жатақханалар тексеріліп, білім беру мекемелерінде профилактикалық кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, компьютерлік клубтар мен ойын-сауық орындары қамтылды, мекеме иелерімен ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сурет ғаламтордан алынды