Электронды шылым

Уақыты: 18.06.2023
Оқылды: 283
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазір кімнің қолына қарасаң да электронды шылымды байқауға болады. Оның қаншалықты зиян екені барлығына мәлім болса да, қолдануды ешкім тоқтататар емес.

Керісінше, жаңа түрлері шығып, жастар бір-бірімен жарыса сатып алып, трендтке айналдырды. Түрі қаламға, кейбіреуінікі фломастерге ұқсас болғандықтан ата-аналар балаларының не істеп жүргенінен бейхабар.

«Электронды шылым кәдімгі шылымды қойдырады» деген сөз де шықты. Алайда ол жалған ақпарат. Себебі оның құрамында никотин бар, ал никотин адамды керісінше шылымға үйретеді.

- Электронды шылымның денсаулыққа тигізер зияны көп. Адамдардың көбісі өкпе ауруына шалдығып жатады. Тіпті, тамақ ауруының қатерлі ісігіне де әкеліп соқтыруда. Кейбіреуінің өкпесі осы шылымның кесірінен құрттап немесе іріп кетеді, - деді Талдықорған қалалық №2 поликлиникасының терапевт дәрігері Ләйлә Абдуапқызы.

«Бірінші байлық - денсаулық» демекші 12 мүшемізді сау кезде бағалайық. Өзімізге өлім тілемейік. Осыны ескере отырып салауатты өмір салтын ұстанып, өмірімізді жақсы жаққа өзгертейік.

Жұлдыз Қожахметова,
ЖУ-дың стуленті