АЛА СИЫРДАН КЕЛГЕН АЖАЛ

Уақыты: 20.06.2023
Оқылды: 170
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Таң атысымен суық хабар келді. Анашымның бауыры жалған дүниеден сапар шегіпті. Үйдің іші у-шу. Жәннәтімнің көз жасы моншақтап тамып жатыр. Іштей тынады. Әкемніңде жүрегі қақ айырылып отыр. Бұл қайғы ауруына сылтау болмаса игі. Далаға шығып қызыл маздасын отылдырды. Әйтседе бірден қыза кетпеді. Білікті маман ауруын тауып, тамырын басты. Алыс сапарға апыр-топыр дайындық ұйқымызды шәйдай ашты. Көңілдеріндегі мұң бір бәлеге ұшыратпаса екен.

Алладан амандықтарын тілеп, үйге қарауға қалдым. Автокөлік гүрілдеп ілгері жылжыды.  Алдарында 4 сағаттық жол. Әншейінде әкем күй табағын қосып қоятын. Түсінуге болады. Алыс сапар зеріктірсе де үнтінсіз. 118 шақырымын басып өтті. Жылдамдық өлшегіш құрылғы 160-ты көрсетіп тұр. Жүйіткіп келеді. Жәй күндері жәннәтім асқар тауыма «ақырын жүр» деп ескертіп отыратын. Қалың ойға шомылғаннан болар ештеңе көрмейді, естімейді. Дөн асып түскені сол еді, алдынан ала сиыр атып шықты. Тежегішті бассада көлік тоқтамайды. Шайқатылып, сырғанап келеді. Екеуі де естерін жинады ма ? Әлде қорқыныш сейілтті ме ? Соңғы демдерін сезгендей, тілдері кәлимада, көздері сиырда. Қатты келе жатқандықтан қағып жіберді. Ауыр тиген соққы әкемді қалың ұйқыға жіберді. Анашымды бауырының артынан ергізді. Айнала көк түтін. Борпылдақ топырақ көкке көтеріліп, шаң болып жатыр. Қасіретке толы бір күн, жығылғанға жұдырық болды. Жол жөнекей өтіп бара жатқан таксист Мұрат ағай, сау тамтығы қалмаған автокөлікті көре сала, әкемдікі екенін танып, амандығын тілеп келе жатыр. Ұялы телефонымен жедел жәрдемге хабарласыпта үлгеріпті. Есігін ашқаны сол-ақ еді, қабырғасынан айырылған дауыс жаңғырып естілді. Ащы зар мұз денесін дір еткізіп, қалтыраған қолынан телефонын түсіріп алды. Бұл дауыста аман екенін білдіреді. Көлікке қарай жүгірді. Есін әрез жинаған тіренішім, анашымды құшақтап жылап отыр. Мұрат ағай мыжылған есікті жұлмалауда. Әйтседе түк шықпайды. Тұтанған өрт ұшқынының иісі де мұрнын тесіп барады. Дереу бір амалын қарастыру керек деген ойы шатастырып, амалсыз қарап тұруға мәжбірледі. Ұшқын қып-қызыл жалынға ұласты. Еш мүмкіндіксіз шарасыз күйде қалды. Осы жағдайдан кейін таксист ағам өзін кінәләумен болды. Оның өмірі менің қолымда еді, ал мен ештеңе істей алмадым деген өкініші жанын жегідей жеді. Әйтседе пенденің қалауы, Алланың қалауымен сәйкес келсе ғана жүзеге аспай ма. Әйтседе сақтансаң сақтайды.

Темір тұлпардың жылдамдығына қызығып басатын жолаушылар  пендешілікке салынбайық. Сізбен, біздің  жолымызды тосатын жақындарымыз бар. Тежегішке сенбейік, өмірімізді ғана тоқтатуы мүмкін.

Данияр АЙНАБЕКҰЛЫ
Жетісу университетінің білімгері