Талдықорған әкімі Әсет Масабаев қызметінен босатылды

Уақыты: 30.06.2023
Оқылды: 2096
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорған әкімі Әсет Масабаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Аталған ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растаған. 

Әсет Масабаев 2022 жылдың 4 наурызында Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды. 

Дерек-дәйек

Ол 1985 жылы Алматы облысында туған. Еңбек жолын 2007 жылы "Алматы электр станциясында" электромонтер болып бастаған.

2008 жылдан 2010 жылдары "Наз" ЖШС-де бас энергетик, "Алмаз және КЮС" ЖШС-де техникалық директор болып жұмыс істеген.

2010 жылдан 2013 жылдары Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында жетекші маманның міндетін атқарушыдан энергия, жылумен қамту бөлімінің бастығына дейінгі жолдардан өткен.

Әр жылдары Жетісу және Медеу аудандары әкімдерінің орынбасары, Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, қаланың Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының, Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы болған.

2019 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2019-2020 жылдары - Алматы қаласы энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы. 2020 жылғы 12 қыркүйек Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі.

Фото: ашық дереккөзден