Қазақстан қытай тілін білетін мамандарға зәру

Уақыты: 15.09.2023
Оқылды: 863
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстандағы жұмыс берушілер тарапынан қытай тілінде сөйлейтін мамандарға деген сұраныс артып отыр, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

«Hh.kz» жұмыс іздеу сервисінде қытай тілін білетін адамдарға сұраныс жаз айларында 38,4 пайызға артып, 200-ге жуық хабарландыру жарияланған.

Әсіресе, логистика және қаржы секторындағы компаниялар қытай тілін білетін адамдарды іздейтіні айтылды.

Осылайша, 38% жағдайда мұндай қызметкерлерге орташа жалақысы 390 мың теңге болатын сауда менеджері лауазымдары ұсынылады. Кейбір лауазымдарда жалақы айына 2 миллион теңгеге жетеді.

Ал, араб тілін білуді талап ететін бос орындар саны 24%-ға өсті. Бұл негізінен сату және тұтынушыларға қызмет көрсету менеджерлері, сонымен қатар заңгерлер, аудармашылар, туризм менеджерлері және жылжымайтын мүлік жөніндегі кеңесшілер. Жалақы мөлшері айына 120 000 теңгеден 10 000 еуроға дейін.

Дереккөз: dalanews.kz