Самокат жүргізушілері жазаланды

Уақыты: 23.09.2023
Оқылды: 631
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорған қаласында бір тәулік ішінде 40 самокат жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. 

Талдықорғанда электр скутерлерінің жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережесі бұзушылықтарын анықтау бойынша пысықтау жұмыстары жүргізілді. Бірнеше сағат ішінде 40 скутерге қатысты әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Тәртіп бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің ескерту немесе 3-5 АЕК (10 350-17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін 593-бабы (жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын талаптарды сақтамау) қолданылды. 

Айта кетейік, 30 тамыздан бастап ҚР-да «Жол қозғалысы туралы» Заңға түзетулер күшіне енді. Атап айтқанда, қазір бұл өзгерістер жаңа көлік түрі ретінде танылған электр скутерлеріне әсер етті. Оларға гидроскутерлер де кірді. Электросамокатты кәмелетке толған адамдар ғана жүргізуге құқылы. Жүргізуші түймеленген дулыға киюі тиіс және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы керек. Қараңғы уақытта жүргізушінің сырт киімінде жарық шағылыстыратын белгі болуы қажет.

Айгүл Байжұмақызы
Фото: көнекілік үшін