«Zhasproject» жастарға миллион теңгеге грант береді

Уақыты: 12.10.2023
Оқылды: 836
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында «Zhasproject» жаңа жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Ол жастарды қолдауға және дамытуға, олардың кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған өз жобасын іске асыру мүмкіндігіне бағытталған. Жоба аясында қазақстандық жастар ең жоғары сомасы 1 000 000 теңге құрайтын гранттық конкурсқа қатысуға өтінім бере алады. Жоба туралы мамандар Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында  БАҚ өкілдерімен бөлісті. 

«Қатысуға өз әлеуетін, өмірлік маңызды дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, бастамашыл идеялар мен жобаларды іске асыруға мүдделі 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастар шақырылады. Жобада уақытша орналастырылмаған жастар - жұмыспен қамтылмаған, уақытша жұмыс істемейтін, білім беру ұйымдарында оқымайтын немесе кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өтпеген жастардың бір бөлігі, осал санаттағы жастарға: тіркелген жұмыссыз мәртебесі бар жастар,  аз қамтылған отбасыларда тұратын, жетім және мүгедек адамдарға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға, көп балалы отбасыларға, сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналарға ерекше басымдық беріледі», - деді «Тамшыбұлақ» ҚБ басшысы Жанат Төлемісова. 

Аталған жоба бойынша Жетісу облысына 14 грант бөлініп отыр. Ол  9-22 қазан аралығында өтінім берген қатысушылар арасында өтеді.  Әлеуметтік проекттың негізгі мақсаты жастар бастамаларын қолдаумен қатар, өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешу. Жоба бойынша Zhas-project.kz. жаңа сайты әзірленді. Мұннан кез келген үміткер конкурс туралы ақпаратқа қол жеькізе алады.  Сондай-ақ жобаға қатысуға өтініш беру бойынша толық нұсқаулық бар. 11 қазан сағат 15:00-де Жастарға қызмет көрсету орталығы сайтты пайдалану бойынша оқытудан өтеді.

«Бұл жобаға бірқатар талаптар қойылады. Қатысушылар міндетті түрде Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Өтінім берген кезде Жетісу облысында тұрақты тұру немесе уақытша тіркеуде болу қажет. Әлеуметтік жобаны тапсыру кезінде өтініш беруші тарапынан шектеулер бар. Ол бір ғимаратты немесе үй-жайды сатып алуда, қаржы қаражатын алу мақсатында ақылы қызметтер көрсету саласында қолдау таппайды. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе мешіт немесе шіркеу сияқты діни үй-жайларды сатып алу сияқты бағыттардағы жобаларға қолдау көрсетілмейді», - деп қорытындылады Еркебұлан Ешмұхамбетұлы.

Алмас МЫРЗАХМЕТОВ

Өңрілік коммуникациялар қызметі