ЖАС РЕЖИССЕРЛАР ДОДАСЫ

Уақыты: 13.10.2023
Оқылды: 951
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Республика күніне орай Жас режиссерлер арасында байқау жариялады. Байқауға 14 пен 35 жасқа дейінгі жастар, атап айтқанда режиссерлер, мобилографтар, СММ-мамандар және қызығушылығы бар жастар қатыса алады.

Республикалық байқаудың іріктеу кезеңі (өңірлік) 14 қазан сағат 11:00-де ұйымдастырылмақ. Осыған орай талапты жастар мен байқауға ынталы азаматтардың назарына төмендегі ережені ұсынып отырмыз.

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1. Осы Ереже суды үнемдеу, электр энергиясын үнемдеу, қоғамдық орындардағы мәдениет, еңбек культі, мемлекеттік рәміздерге құрмет сияқты бағыттар бойынша үздік роликке жас режиссерлер арасында конкурс (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

1.2. Хакатонды ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – ҚР МАМ), Астана, Алматы, Шымкент қалалары және облыс әкімдіктері.

1.3. Хакатон 2023 жылғы 14-24 қазан аралығында Қазақстан Республикасы аумағында ҚР МАМ қолдауымен өткізіледі.

1.4. Конкурста аталған бағыттар бойынша проблемалық мәселелердің мәнін жақсырақ жеткізетін және адамдарды әрекетке шақыратын ең үздік бейнероликтерді анықтау көзделеді.

1.5. Байқауға 14-пен 35 жасқа дейінгі жастар, атап айтқанда режиссерлер, мобилографтар, СММ-мамандар және қызығушылығы бар жастар шақырылады.

1.6. 2023 жылғы 24 қазанда Астана қаласында конкурс номинанттарын марапаттау рәсімі өтеді. Іс-шара аралас (онлайн және офлайн) форматта өткізіледі. (уақыт өзгерісі ұйымдастырушы тараппен хабарланады)

1.7. Конкурстың жұмыс тілдері – қазақ және орыс тілдері.

1.8. Конкурс бағдарламасы www.elzhastary.kz сайтында орналастырылады.

 

2. ХАКАТОН ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

 

2.1. Конкурстың негізгі міндеттері:

- жас режиссерлердің біліктілігін арттыру;

- жас режиссерлерді жобаларды басқару дағдыларына үйрету;

- жастар арасында жаңа талантты режиссерлерді анықтау;

- шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру мен дайындауда қолдау көрсету;

- жас режиссерлерге бағытталған мүмкіндіктер жайлы ақпараттандыру;

- жас режиссерлердің жобаларын сүйемелдеуді жүзеге асыру.

2.2. Конкурста суды үнемдеу, электр энергиясын үнемдеу, қоғамдық орындардағы мәдениет, еңбек культі, мемлекеттік рәміздерге құрмет сияқты 5 номинация бойынша үздік бейнероликтердің номинанттарын анықтау көзделіп отыр.

 

3. ХАКАТОН КОМИССИЯСЫ

 

3.1. Номинанттарды анықтау үшін кинематография, мәдениет, ақпарат, экология, журналистика және т. б. салаларда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар 11 адамнан тұратын Конкурстық комиссия құрылады.

3.2. Конкурстық комиссия мүшелері конкурсқа қатысушылардың жеке деректері көрсетілмеген бейнероликтерді анонимді түрде қарайды және зерделейді.

3.3. Конкурс комиссиясының мүшелері 1-қосымшаға сәйкес әр жұмысқа 1-ден 10-ға дейін балл беру арқылы бағалайды.

3.4. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның басқа мүшелерінің бағаларын ескермей, өзінің тәуелсіз бағасын береді.

3.5. Конкурстық комиссия мүшелерінің шекті дауыстарының 2/3 бөлігін жинаған жобалар номинанттар болып табылады.

3.6. Конкурстық комиссия мүшелері 2023 жылғы 24 қазанда Астана қаласында конкурс номинанттарын марапаттау рәсіміне қатысады.

 

4. ХАКАТОНДЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ТӘРТІБІ

 

4.1. Конкурс жұмысын ұйымдастырушылық үйлестіруді қамтамасыз етуді ҚР МАМ жүзеге асырады.

4.2. Конкурстың ұйымдастыру комитеті:

- конкурсты өткізу және дайындау жөніндегі құжаттарды әзірлейді;

- конкурсқа ұсынылған өтінімдер мен материалдарды тіркейді;

- конкурстың негізгі бағыттарына сәйкес материалдарды жүйелейді, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтайды;

- қатысу нысандарын айқындай отырып, қатысу үшін өтінімдерді іріктеуді жүзеге асырады;

- конкурс бағдарламасын дайындайды;

- конкурсқа қатысушыларды хабардар етуді жүзеге асырады;

- әлеуметтік желілерде аккаунттар ашады;

- айдентиканы дайындайды;

- конкурсқа қатысушылардың тізімін дайындайды;

- конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастырады және шақырады;

- конкурс номинанттарын марапаттау рәсімін ұйымдастырады және өткізеді.

4.3. Өңірлік байқауға қатысу үшін Облыстық жастар ресурстық орталықтары, жастар саясатына жауапты мемлекеттік мекеме басты ұйымдастырушы болады. Өңірлік іріктеу материалдары басты ұйымдастырушыларға тапсырылады және әрбір қатысушы өзінің жұмысын әлеуметтік желіде орналастыра отыра @jastarlive парақшасын белгілеу қажет.

4.4. Бейнероликті түсіруге 48 сағат уақыт беріледі. 14 қазан сағат 11:00-де тақырыптары ұйымдастырушылар тарапынан жарияланады (өңірлік) және 16 қазан сағат 11:00-ге дейін бейнероликтер әлеуметтік желіге орналастырылуы қажет.

4.5. Ұйымдастыру комитеті мәлімделген бағыттар мен ресімдеу ережелеріне сәйкес келмейтін өтінімдер мен материалдарды себебін түсіндірусіз, рецензиялаусыз қабылдамауға құқылы.

4.6. Өңірлік іріктеуден өткен номинант (әр өңірден 1 номинация бойынша 1 номинант, жалпы саны – 5 номинант) жұмысы республикалық іріктеуге жіберіледі.

4.7. Республикалық іріктеуден өткен номинант Астана қаласында өтетін финалға шақырылады.

 

5. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

5.1. Конкурсқа қатысушылар өздері үміткер болып табылатын кемінде 1 (бір) номинацияны көрсете отырып, 2-қосымшаға сәйкес ілеспе құжатты жібереді.

5.2. Файл пішімі –*.doc, *.docx. кеңейтімі бар MSWord, Times New Roman шрифті, шрифт өлшемі – 14, жоларалық интервал – жалғыз. Барлық өрістердің өлшемі – 20 мм; бзац шегінісі – 1,25  см,  негізгі мәтінді туралау – ені бойынша, парақтың бағыты – кітап.  «Тасымалдауды орналастыру»  режимі өшірілген. Суреттер мен графиктер ақ-қара, редакцияланатын болуы керек.

5.3. Ілеспе құжатта стримингтік платформалардың бірінде (Vimeo, YouTube) орналастырылған бейнероликке сілтеме болуы керек.

5.4. Орналастырылған бейнероликке қолжетімділік шектеулі болуы керек.

5.5. Бейнероликтің хронометражы 2 минуттан аспауы тиіс.

5.6. Бейнероликтің негізгі тіліне қарамастан, бейнероликте қазақ тілінде субтитрлер болуы тиіс. Субтитрлер қатесіз болуы керек.

5.7. Кез келген авторлық құқықты бұзатын бейнероликтер Конкурстан автоматты түрде шығарылады.

 

6. ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ ТӘРТІБІ

 

6.1. Байқауға қатысу тегін.

6.2. Номинанттың Астана қаласына келу шығындары және тұруы мен тамақтану шығындары бойынша нақтылануда.

6.3. Байқау қорытындысы бойынша бағалы сыйлықпен марапатталады.

 

7. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

7.1. Ұйымдастыру комитетінің комиссия қорытындысы бойынша белгіленген талаптарға сай келетін қатысушылардың материалдары телеарналардың ресми парақшаларында жарияланады.

7.2. Конкурс нәтижелері туралы ақпарат, резолюция мен қатысушылардың материалдары 2023 жылғы 24 қазанға дейінгі мерзімде www.elzhastary.kz сайтында орналастырылады.

7.3. Ұйымдастырушылар байқауды өткізу ережелеріне өзгеріс енгізуге құқылы.

7.4. Номинант Республикалық финалға келе алмаған жағдайда өңірік комиссия шешімімен қатысушыны өзгертуге құқылы.

 

Қосымша

 

Өңір атауы

Т.А.Ә.

Туған күні, айы, жылы

Бағыт

Жұмыс орны

Байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Фото: ғаламтордан