Тоқаев Қытайға ресми сапармен барады

Уақыты: 16.10.2023
Оқылды: 608
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазанның 17-18 күндері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы  Ақорданың Telegram-каналы дерегіне сүйеніп хабарлайды.

"Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" бастамасының III форумына қатысады".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұдан бөлек, сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланған.

Сурет: akorda.kz