Алғаш рет. Елімізде облыстық маңызы бар қала мен аудан әкімдерінің сайлауы өтуде

Уақыты: 05.11.2023
Оқылды: 374
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстанда аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің алғашқы сайлауы басталды. 

Қарашаның 5 жұлдызы алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өтуде. Дауыс беру еліміздің 17 облысында өтеді. Сайлау учаскелерінде үш қала мен 42 ауданның әкімдері таңдалады.

Орталық сайлау комиссиясы мәліметтері бойынша, сайлау науқаны кезінде барлығы 249 кандидат ұсынылды. Оның 164-і тіркелді. 69-ы саяси партиялармен, ал 95-і өзін-өзі ұсыну арқылы қатыстырылады.

"Жетісу" ақпарат