Кербұлақ, Сарқан аудандары әкімдерінің сайлау қорытындылары

Уақыты: 06.11.2023
Оқылды: 694
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

2023 жылы 5 қарашада өткен Жетісу облысы Кербұлақ, Сарқан аудандары әкімдерінің сайлауы өтті.

2 аудан бойынша барлық сайлаушылардың саны 54 634 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 38 974 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 314 сайлаушы қатысты.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 347.

Кандидаттардың жалпы саны – 4 кандидат.

Кандидаттардың сенім білдірген адамдары, оның ішінде саяси партиялармен 82 кандидаттар қатысты.

Қазақстан Республикасының өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестігі және коммерциялық емес ұйымдарынан 121 байқаушылары қатысты. Оның ішінде:

1. «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінен 61 байқаушы;

2. «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігінен 1 байқаушы;

3. «Жетісу облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінен 57 байқаушы;

4. "Талдықорған аймақтық еңбекке орналастыруға жәрдем көрсету қоры" қоғамдық қорынан 1 байқаушы;

5. «Жетісу тәуелсіз бақылаушылары» қоғамдық бірлестігінен 1 байқаушы қатысты.

- Кербұлақ ауданы бойынша сайлаушылар тізіміне 27 787 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 18 812 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 169 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 2 кандидат.

Әкім сайлауының қорытындылары мынадай болып белгіленді:

Ермек Сүндетбайұлы Ақшабаев үшін сайлаушылардың 1216 дауысы берілді;

Қанат Болатұлы Есболатов үшін сайлаушылардың 16794 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 347.

Сайлау қорытындысы бойынша Кербұлақ ауданының әкімі болып Қанат Болатұлы Есболатов сайланды, 1982 жылы туған, бұрынғы лауазымы Кербұлақ ауданының әкімі.

- Сарқан ауданы бойынша сайлаушылар тізіміне 26 847 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 20 162 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0 дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 145 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 2 кандидат.

Әкім сайлауының қорытындылары мынадай болып белгіленді:

Бауыржан Бақытұлы Абибеков үшін сайлаушылардың 2 609 дауысы берілді,

Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев үшін сайлаушылардың 17 055 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 0.

Сайлау қорытындысы бойынша Сарқан ауданының әкімі болып Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев сайланды, 1968 жылы туған, бұрынғы лауазымы Сарқан ауданының әкімі.

Жетісу  аумақтық сайлау комиссиясы