Баспаналы болу – бір бақыт!

Уақыты: 18.11.2023
Оқылды: 730
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қаратал ауданы Үштөбе қаласында 15 отбасыға тұрғын үй кілті табысталды.

Бүгін аудан орталығы Үштөбе қаласында Мизан 2019 қайырымдылық қоры, ЖШС Алия Сервис және «Алматы Production Construction & invest» жетекшілігімен 15 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Қайырымдылық пен мейірімділік – қанымызға сіңген қасиет. Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету дәстүрі бар. Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп бекер айтпаған.

Баспаналы болу бақытына аудандағы жағдайы төмен, жалғыз басты, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі, тұрғын үй кезегінде тұрған жандар қолжеткізді. Жаңа қонысқа қадам аттаған тұрғындардың көңілдері шат. Олар осындай игі іс жасап, қолдау көрсетіп отырған Мизан 2019 қайырымдылық қоры, «Алматы Production Construction & invest», Алия Сервис ЖШС демеушілеріне алғысын білдіріп, ақжарма тілектерін ақтарды. Айта кетсек, тұрғын үйлер жалпы сомасы 300 млн теңгеге демеушілер есебінен салынды. Жалпы ауданы 150 га жер, әр үйдің 10 сотық жері, 4 бөлмесі және қора-жайы бар, қолайлы өмір сүруге барлық жағдайы жасалған.

Бүгінгі үй иелерін қуаныштарымен құттықтаймыз.