Қазақстанда жыл сайын 80-ге жуық әйел зорлық-зомбылықтан көз жұмады

Уақыты: 22.11.2023
Оқылды: 712
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бас прокуратура Қазақстанда күн сайын полицияға тұрмыстағы оқиғаларға қатысты 300 шағым түсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

"Тұрмыстағы зорлық-зомбылық қоғамда ауыр мәселеге айналып барады. Жыл сайын елімізде осы азғындықтың кесірінен кем дегенде 80-ге жуық әйел көз жұмады, 150-ге жуығы ауыр, 200-дейі орташа, 4000-нан аса жеңіл жарақат алады. Полицияға күн сайын 300 хабарлама түседі", - деді Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев