"Айрықша құқығы бар": Қазақстан Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды

Уақыты: 23.11.2023
Оқылды: 446
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды. Бұл комитеттің өзіне тән айрықша құқықтары бар. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

"Парижден жағымды жаңалық жетті. ЮНЕСКО Бас конференциясы жұмысының соңғы күні Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды", - делінген жазбада. 

Құрамына 21 мемлекет кіретін Дүниежүзілік мұралар комитеті ─ ЮНЕСКО-ның аса маңызды әрі беделді басқарушы органы. Бұл комитеттің нысандарды Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге және алып тастауға айрықша құқығы бар

«Қазақстанның кандидатурасын 118 мемлекет қолдады. Еліміздің Дүниежүзілік мұралар комитетіне мүше болып сайлануы бірегей мәдени және табиғи мұраларамызды сақтауға қатысты белсенді жұмысымызды халықаралық қауымдастықтың мойындайтынын көрсетеді», - деді Е. Қарин.

Фото: Ақорда