Бейбіт Исабаев жедел штабтың отырысын өткізді

Уақыты: 04.03.2024
Оқылды: 369
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бүгін 4 наурызда Жетісу облысында тіркелген 2-3 балдық жер сілкінісінен кейін облыс әкімі Бейбіт Исабаев жедел штабтың отырысын өткізді,   - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Жиында сөз сөйлеген Жетісу облысының төтенше жағдайлар дептарментінің басшысы Нұрлан Бекбостыновтың айтуынша, бүгін облыс аумағында қуаты 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Халықты құлақтандыру дабылсыз, түрлі байланыс құралдары арқылы жеткізілді. 

ТЖД мамандарының өмірлік маңызды нысандардың, әлеуметтік, өнеркәсіптік және гидротехникалық нысандардың жұмысына жүргізген мониторингісінің қорытындысына сәйкес аталған нысандардың бәрі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, зақымдалған ғимараттар мен зардап шеккендер жоқ, төтенше жағдайлар департаментінің жедел желі телефон байланысы жұмыс істейді.   

Облыс әкімі төтенше жағдайлар, полиция департаменті, жергілікті мемлекеттік органдарға төтенше жағдайларға дайындығы мен шұғыл іс-қимыл алгоритмін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді. 

 Суретті түсірген Руслан Кадыров