КӨЛГІНОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 27.03.2024
Оқылды: 335
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстанның Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.


Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Сондай-ақ ол – «Болашақ» президенттік халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша Абердин Британ университетінің магистрі.

Еңбек өтілі:

  • 2001-2002 жылдары – Бас прокуратураның жанындағы Орталық (Д) ПСиИ кадрлық жұмыс басқармасының бас маманы м.а.
  • 2002-2003 жылдары – Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Құқықтық статистиканы қалыптастыру департаментінің прокуроры.
  • 2003-2007 жылдары – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары.
  • 2007-2008 жылдары – Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілерді талдау және әзірлеу департаментінің басшысы.
  • 2008-2010 жылдары – Alash Media Group ЖШС бас директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары.
  • 2010-2012 – Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
  • 2012-2013 – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
  • 2013-2016 жылдары – Орал қаласының әкімі.
  • 2016 жылғы 26 наурыздан бастап 2019 жылғы 13 маусымға дейін – Батыс Қазақстан облысының әкімі.
  • 2019 жылғы 26 ​​маусымнан бастап – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.
  • 2022 жылғы 8 желтоқсанда ол Астана қаласының әкімі қызметінен босатылды.
  • 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Үкіметте ол әлеуметтік мәселелерге қатысты блоктың басшылығында болған еді.

Сонымен бірге мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстанның Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Фото: globalnews.kz