ЖАҢА ЭЦҚ ПАЙДА БОЛАДЫ

Уақыты: 04.05.2024
Оқылды: 377
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Процестерді оңтайландыру және ЭЦҚ кілттерін алу, сақтау және пайдалану рәсімін оңайлату үшін жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік стандарт алгоритмінде бір кілт беріледі, ол авторизациялау үшін де, қол қою үшін де пайдаланылады.


Негізгі өзгерістер мынадай:

  • бір кілт: растау мен қол қоюға арналған екі кілттің орнына енді біреуі ғана шығарылады.
  • ескі ЭЦҚ қолдану мерзімі: ГОСТ 2015 алгоритміне көшкенге дейін бұрын шығарылған барлық ЭЦҚ қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
  • жаңарту жеңіл: ГОСТ 2015 жаңа стандартын мобильді қосымша арқылы пайдалану үшін eGov Mobile қосымшасын жаңартсаңыз болғаны.

Сондай-ақ, қолжетімді тізімнен "қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер" және "кадр бөлімінің қызметкері" сияқты заңды тұлғалардың пайдалануына арналған қажет емес шаблондар алынып тасталды.

Айта кетейік, 30 сәуірде Қазақстанда криптографиялық стандартқа көшу жүзеге асырылды. Соған сәйкес электронды цифрлық қолтаңбаның форматы өзгерді.