Жетісудың өнімдері елорда төрінде

Уақыты: 08.09.2016
Оқылды: 1403
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Елордадағы облысымыздың мәдениет күндері аясында ауыл­шар­уашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл­шаруашылығы жәрмеңкесі өтпекші. Жетісулық кәсіпкерлер сауда өнімдерін сатуға сақадай сай. Барлық тауар тексерістен өтіп, жолға шығуға дайын тұр. Бұл маңызды жәрмеңкенің жай-жапсарын өңірлік коммуникациялар қызметінде қонақта болған облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы Талғат Алыбаев айтып өтті.

Облысымыздағы ауыл­шар­уа­шылық өнімдерін өнді­ру­ші­лер Аста­наға барлығы 340 тон­на­дан астам өнім апармақшы. Елорда­дағы Оқу­­шы­лар сарайы­ның ал­дын­да өтетін жәрмеңкеге аймақтың жеміс-жи­дегі, еті мен балық өнім­дері, конди­терлік тағамдар, соны­мен қатар ұлттық тағам түрлері тартылмақ. Биыл­ғы жәр­мең­ке облысымыздың Елор­да­дағы мәде­ниет күндеріне орай, сондай-ақ азық-түлік баға­сын тұрақтандыру, ба­ға­ның не­гіз­сіз өсуіне жол бер­меу және азық-түлік қа­уіп­сіздігін қам­тамасыз ету мақса­тында ұйым­дас­тыры­лып отыр. Өңі­рі­мізден 16 ау­дан, 3 қала және «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ы қатысады. Бекітілген сызба бойынша ша­тыр­лар мен аркаларды орна­ластыруға әр ауданға, қалаға ұзындығы 16 метрден орын беріледі. Алматы об­лысы де­ген­де қант пен жер­гілікті апорт алмасына сұ­раныс көп көрі­неді. Сол се­бепті биылғы жәр­меңкеде осы тауар түрлері мо­лы­нан сатылмақшы. Мәселен, жал­пы саны 100 тонна көкөніс болса, оның 30-дан астамы алма түрлері екен. Астана­лық­тар үшін сыйлыққа апа­ратын 2 тонна апорт бұл тізімге кір­мейді. Сондай-ақ, Алакөлден келетін балық өнім­дерін де сол­түстік ша­һар тұрғын­дары тамсана қабылдайды екен. Жал­пы айт­қанда, астаналықтар ауыл­шаруа­шылығы өнім­де­рі­­нің 38-ден астам түрімен қамта­масыз етіледі. Жеті­сулықтар үшін бар­лығы 160 млн. теңгеге сауда жасау жоспарға қойылып отыр. Сату бағалары қаладағы бөлшек сауда құнынан 15-20 пайызға төмен. Саудаға тү­се­тін әр өнімнің санитарлық-эпиде­миологиялық және ве­те­ри­нар­лық сапасына бақы­лау қойыл­ған.

Құралбек СӘБИТОВ