КІМ КЕЛДІ? КІМ КЕТТІ? ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Уақыты: 18.08.2022
Оқылды: 1450
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Жетісу облысын құру туралы Жарлығы шыққаннан кейін көп ұзамай өңірде тағайындаулар басталды. Алдымен Жетісу облысының әкімі болып Бейбіт ИСАБАЕВ келсе, кейін орынбасарлары да кім екені ресми белгілі болды.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Әлібек Әскербекұлы 1964 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын «орман шаруашылығы», Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алакөл ауданында «Левобережный» кеңшарының жұмысшысы болып бастаған.

Ұзақ жыл Алакөл ауданы Үшарал қаласында орман шаруашылығы саласында еңбек етті. Сарқан, Алакөл, Еңбекшіқазақ аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.

2022 жылдың ақпанынан Алматы облысы әкімінің орынбасары болды.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Жеңіс Шылбынұлы Тұяқов Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Жеңіс Шылбынұлы 1967 жылы туған. Білімі жоғары. Алматы мемлекеттік медицина институтын, ҚР Қаржы академиясын, «AlmaU» университетін бітірген, іскерлік әкімшілік жүргізу докторы.

Еңбек жолын коммерциялық құрылымдарда бастады.

Әр жылдарда «KEGOC», «ЭҚКНКО» Ұлттық компанияларында басқарушы директор болды. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, Талдықорған қаласында «ТАТЭК» АҚ президенті, Жамбыл және Павлодар облыстарының энергетика және ТҮКШ басқармаларының бастығы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы лауазымдарында болды.

2017 жылдың шілдесінен - Алматы облысы әкімінің орынбасары.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Рустам Али Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Рустам Али 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасы мен докторантурасын «шығыстану», І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «қаржы» мамандықтары бойынша бітірген. PhD философия докторы.

Еңбек жолын Алматы қаласында «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастап, осы газетте бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары болды.

Әр жылдарда Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының «Жетісу жастары» Жастар орталығы» МКҚК директоры, Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

2021 жылдың мамырынан Ескелді ауданының әкімі болды.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Нұржан Жанайдарұлы Егінбаев Жетісу облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Нұржан Жанайдарұлы 1975 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық университетті бітірген, экономист, заңгер.

Еңбек жолын «Тірек» ЖШС-да экономист болып бастады. Біршама уақыт Ішкі істер органдарында қызмет етті.

Әр жылдарда Талдықорған қаласы прокурорының көмекшісі, Орталық сайлау комиссиясының консультанты, заң бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі, Астана қаласының Әділет департаменті бастығының орынбасары, Алматы қалалық, Жамбыл облыстық Әділет департаменттерінің бастығы, Ақтөбе облыстық Әділет департаменті бастығының міндетін атқарушы, Астана қаласында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде бөлімнің сектор меңгерушісі, ҚР Әділет министрлігінде департамент директорының орынбасары, Талдықорған қаласында «Шаңырақ» ЖШС директоры лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың ақпанынан Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Дәркен Нұржанұлы Нұржанов Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Дәркен Нұржанұлы 1981 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ Ұлттық Техникалық университетін «Полиграфиялық өндірістік технология», Қазақ аграрлық университетін «юриспруденция», Тараз мемлекеттік университетін «сәулетші» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Алматы қаласында «Қазақстанның жастар ақпарат қызметі» қоғамдық қорының нұсқаушысы болып бастаған.

Әр жылдары Қарасай ауданында учаскелік сәулетші, сәулетші, инженер, аға инженер, тұрғын үйлердің құрылысын бақылау секторының, жобалау геодезия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Кейіннен Астана қаласында "ҚазҒЗСТҚСК" РМК қалақұрылысы жобалары бөлімінің маманы, Алматы облыстық құрылыс басқармасының бас маманы, Астана қаласында "Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестациялау департаменті» ММ Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының сарапшысы, ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында сарапшы, бас сарапшы, Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, Талғар ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2021 жылдың сәуірінен – Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ернат Дүйсенбекұлы Бәзіл Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ернат Дүйсенбекұлы 1978 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «қала құрылысы және шаруашылығы», М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Астана қаласында «СУС» ЖШС-нің шебері болып бастаған.

Бірнеше жыл Астана және Алматы қалаларындағы жеке құрылыс компанияларында түрлі қызметтерде болды.

Әр жылдары Алматы қаласының құрылыс басқармасында жетекші маман, бас маман, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

2021 жылдың мамырынан Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болды.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Қанат Болатұлы Есболатов Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қанат Болатұлы 1982 жылы туған, білімі жоғары. Д.Қонаев атындағы университетті «юриспруденция», Қазақ ұлттық аграрлық университетін «мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысы Ескелді ауданында «Досанов К.С» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып бастаған.

Кейін Алматы облыстық қаржы басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша инспекторы, аға инспекторы, Алматы қаласында «Megaron & K»  ЖШС қаржылық директоры, Алматы облысы Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округінің әкімі, Ескелді ауданы әкімінің  орынбасары, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2022 ақпанынан Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметінде болды.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Жанар Нұрқыдырқызы Керімбекова Жетісу облысы қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Жанар Нұрқыдырқызы 1974 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ Ұлттық техникалық университетін «өндірістік жылу энергетикасы», Еуразия Нарық институтын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын жеке кәсіпкерлік саласында бастап, бірнеше жыл осы бағытта еңбек етті.

Әр жылдарда Алматы облыстық қаржы басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы болған.

2011 жылдың желтоқсанынан - Алматы облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Маржан Мұратқызы Мұрат Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Маржан Мұратқызы 1978 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ академиялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қалалық әділет басқармасы Алмалы аудандық сотында сот мәжілісінің хатшысы болып бастады.

Бірнеше жыл сот жүйесінде және заңгерлік қызмет көрсету саласында еңбек етті.

Кейін Алматы облысының ауыл шаруашылығы департаментінде бөлім бастығы, Алматы облысының қаржы басқармасында бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы, Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2020 жылдың шілдесінен - Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Айдын Жангелдіұлы Темірбаев Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Айдын Жангелдіұлы 1986 жылы туған, білімі жоғары. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «қаржы», Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «юриспруденция», «ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша бітірді.

Еңбек жолын «БТА Банк» АҚ Талдықорған филиалының маманы болып бастады.

Әр жылдары «Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-да бөлім инженері, Алматы облысы әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы - облыс әкімі орынбасарының көмекшісі, ақпараттық технологиялар, цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы, құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің меңгерушісі болды.

 2021 жылдың желтоқсанынан – Алматы облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Темерлан Амангелдіұлы Бектасов Жетісу облысының құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Темерлан Амангелдіұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс  академиясын «сумен жабдықтау, суды әкету және су қорларын қорғау», Мемлекеттік инженерлік-техникалық академияны «бағалау» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысы Қаскелең ауданында В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Шығыс бөлімінің Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жұмысшы болып бастады.

Бірнеше жыл Қарасай, Жамбыл аудандарында сәулет, қала құрылысы, құрылыс бақылау мекемелерінде түрлі қызметтерде болды.

Кейін Алматы облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, басшысы, Панфилов ауданының әкімі, Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, Алматы облысы бойынша еңбек инспекциясының басшысы лауазымдарында болды.

2021 жылдың қазанынан Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болды.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Жомарт Амангелдіұлы Әмірханов Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Жомарт Амангелдіұлы 1981 жылы туған, білімі жоғары. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін  «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Астана қаласында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаментінде бөлім маманы болып бастаған.

Әр жылдарда Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінде жетекші маман, бас маман, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық органдардың шығындарын жоспарлау департаментінде бөлімнің бас маманы, Өнеркәсіп, құрылыс, ақпараттандыру, көлік және коммуникация басқармасында бөлім бастығы, Отын-энергетика, өнеркәсіп, құрылыс кешендері және тұрғын үй-коммуналдық салаларды дамыту басқармасында бас сарапшы, басқарма бастығы,  Экономика салаларын дамыту департаментінің құрылысты, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын және экологияны дамыту басқармасының бастығы, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің аумақтық даму басқармасының бастығы, Тараз қаласында Жамбыл облысының экономика және және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.

2017 жылдың қыркүйегінен – Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Диас Серікұлы Серіков Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Диас Серікұлы 1988 жылы туған, білімі жоғары. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «экономика және бизнес», Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «қаржы бакалавры», «экономика және бизнес магистранты» мамандықтары бойынша бітірді.

Еңбек жолын «Қазақстан Республикасының минералды шикізаттарды кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ның инженері болып бастады.

Әр жылдары Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ бас менеджері, бас сарапшысы, орталық директорының орынбасары, директоры, «Жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі «NADLoC» ұлттық агенттігі» АҚ директорының орынбасары, «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ дирекциясының басшысы лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың сәуірінен – Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ғалымжан Темірғалиұлы Дәрібаев Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ғалымжан Темірғалиұлы 1988 жылы туған, білімі жоғары. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Талдықорған қаласында Алматы облысы қаржы басқармасының компьютер құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі операторы болып бастаған.

Әр жылдарда Алматы облысының қаржы басқармасында жетекші маман, бас маман, Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2021 жылдың наурызынан Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болды.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Саят Маратұлы Қараласов Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Саят Маратұлы 1978 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын «темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы», Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық уиверситетін «құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Тоннельный отряд 1» ЖШС жұмыскері болып бастаған.

Кейіннен Алматы қаласы құрылыс департаментінің жетекші маманы, құрылыс басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, «ЭКСПО-2017» АҚ «ҰК» Астана ЭКСПО-2017» құрылыс департаментінің бас менеджері, Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасы басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бірнеше бөлімдерінде басшы болды.

2022 жылдың наурызынан - Алматы облысының құрылыс басқармасының басшысы.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Момыш Елтайұлы Махметов Жетісу облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Момыш Елтайұлы 1985 жылы туған, білімі жоғары. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Талдықорған қаласы Заречный ауылындағы №23 орта мектептің бухгалтері болып бастаған.

Кейін Алматы облысының қаржы басқармасында жетекші маман, Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінде жетекші маман-жетекші қазынашы, бас маман-бас қазынашы, бірнеше бөлімдердің бастығы, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, Қоршаған ортаны қорғау, сол сияқты Қоршаған орта және су ресурстары министрліктеріндегі Экономика және қаржы департаментінде басқарма басшысы, Энергетика министрлігі бюджет және қаржылық рәсімдер департаментінің орынбасары, әкімшілік жұмысы департаментінің директоры болып қызмет етті.

2022 жылдың ақпанынан Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болды.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Арман Серікұлы Жансенгіров Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Арман Серікұлы 1985 жылы туған, білімі жоғары. С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетін «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қалалық көпсалалы ауруханасының хирургия бөлімшесінің хирург дәрігері болып бастаған.

Әр жылдарда ҚР ҰҚК Орталық әскери госпиталі эндоскопия бөлімшесінің басшысы, Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығының хирургия бөлімінің хирург дәрігері, Алматы облысы Көксу аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары, Талдықорған қаласының облыстық ауруханасының эндоскопист дәрігері, аурухана директорының орынбасары, №2 Талдықорған қалалық емханасы директорының орынбасары, Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының бас маманы қызметтерін атқарды.

2022 жылдың қарашасынан Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болды.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Алмат Тоқтарбекұлы Үшкемпіров Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Алмат Тоқтарбекұлы 1982 жылы туған, білімі жоғары. Қазақтың спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт», Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған.

Әр жылдарда Алматы қаласындағы №1 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің нұсқаушы-әдіскері, Жамбыл ауданы Беріктас орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы, директордың орынбасары, Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, Алматы облысының спорт және дене шынықтыру басқармасының, туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасының бас маманы, бөлім басшысы лауазымдарын атқарды.

2021 жылдың қаңтар айынан - Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ермек Сүндетбайұлы Ақшабаев Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ермек Сүндетбайұлы 1984 жылы туған, білімі жоғары. Ж.Мусин атындағы қазақ педагогика колледжін «мемлекеттік тілде оқымайтын мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті», Академик Жолдасбеков атындағы институтты «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Көксу ауданы Амангелді орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастаған.

Кейін Көксу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жетекші маманы, бас маманы қызметтерін атқарды.

2017 жылдың қыркүйегінен Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы болды.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Сәкен Ғалымұлы Түкібаев Жетісу облысының туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Сәкен Ғалымұлы 1991 жылы туған, білімі жоғары. Қазақстан-Британ техникалық университетін «автоматтандыру және басқару», Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «қаржы», Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару, өңірлік даму» мамандықтары бойынша бітірген.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын Астана қаласында «МұнайГаз» инжиниринг компаниясы» ЖШС-да инженер болып бастаған.

Кейін Талдықорған қаласында «ТАТЭК» АҚ экономисі, Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары, Премьер-Министр Кенсесінің өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.

2022 жылдың ақпанынан Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының орынбасары болды.

***

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Елдос Сәкенұлы Мырзабек Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Елдос Сәкенұлы 1987 жылы туған, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «қаржы», Ө.А.Жолдасбек атындағы экономика және құқық академиясын «юриспруденция» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Алматы облыстық филиалы басшысының хатшысы болып бастады.

Әр жылдарда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Алматы облыстық филиалының жетекші маман-экономисі, Алматы облысы әкімі аппараты заң, мемлекеттік құқық бөлімінің бас маманы, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінде әкімнің бас инспекторы, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың наурызынан Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті Алматы облысының сауда департаментінің басшысы болды.

***

Облыс әкімінің өкімімен Нұрлан Қайдарұлы Жамаубаев Жетісу облысының ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Нұрлан Қайдарұлы 1972 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Талдықорған қаласындағы Өтенай мал дәрігерлік пунктінің меңгерушісі болып бастаған.

Әр жылдарда Алматы облыстық ипподромының бас мал дәрігері, Талдықорған қаласы ветеринария бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, Өтенай ауылдық округі әкімінің орынбасары, Талдықорған қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2021 жылдың қыркүйегінен – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК Талдықорған өңірлік филиалының директоры болды.

***

Облыс әкімінің өкімімен Айжан Маманқызы Адамбекова Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Айжан Маманқызы 1975 жылы туған. Білімі жоғары. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған пединститутын «математика және информатика», І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «информатика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтында инженер-программист болып бастады.

Кейін Алматы облысының өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығында инженер-программист, Талдықорғандағы Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейдің, № 24 "Экономика және бизнес" мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі, Алматы облыстық ақпараттық талдау орталығы директорының орынбасары, облыстық білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары, директоры, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы лауазымдарын атқарды.

2020 жылғы қазаннан Алматы облысының білім басқармасы басшысының орынбасары болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"