Функционалдық сауаттылық – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары

Уақыты: 18.02.2023
Оқылды: 1434
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Ел ертеңі – білімді жастардың қолында. ХХІ ғасыр – ақпарат пен жаңа технологияның ғасыры. Сол үшін жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында ұстаздың берген білімін көкейіне сақтап, көңіліне тоқып, оларды қолдану дағдыларының жетілдіру атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырып, қоғамға пайда алып келуі жолында оқушымен жүйелі жұмыс істеу мұғалімнің басты міндеті.

    Осы тұрғыда функционалдық сауаттылық дегеніміз не деген заңды сұраққа жауап бере кетейін. Функционалдық сауаттылық – білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламада анық әрі түсінікті етіп көрсетілген. Жұмыстың жүйелі әрі тиянақты орындалуы үшін нақты Ұлттық жоспар да бекітілді. Бағыт айқын, мақсат нақты болғандықтан біз, ұстаздар қауымы осы жолмен жүйелі жұмыс істеп, оқушылардың жан-жақты дамыған тұлға болулары үшін бар күш-жігерімізді арнап, еңбек етіп келеміз. Осы ұлттық жоспарды іске асыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Міне, өз басым оқушыларыма осы аталған нақты мүмкіндіктерді кеңінен пайдалана отырып, білімдерін жетілдірудемін. Себебі бүгінгі күннің оқушысы – жан-жақты оқыған, дарынды, талантты болуы керек. ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры екенін ұмытпағанымыз жөн.

Ұлттық жоспарда бекітілген білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары), оқыту нысандары мен әдістері, білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі, мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары, мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу  жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі), барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы, ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі деген нақты функционалды сауаттылықтың  тетіктерін меңгеріп, оқушыларға ұсыну арқылы білім сапасының артуына аз да болса үлес қосудамын. Мен функциональдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы керек деп ойлаймын. Мұндағы басшылыққа алынатын функциональдық сапаларды санаға сақтап алу аса маңызды. Мысалы,  белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға деген қабілеттіліктердің барлығын біз жас ұрпақ бойына дарытуымыз қажет. Бұл қасиеттердің барлығы жас ұрпақтың бойында қалыптасса, біздің болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел болатыны анық.

 

                                                                                                             Гулзат ТОГАСОВА,

                                                                                                             «Н. Есеболатов атындағы орта мектебі

                                                                                                             мектепке дейінгі шағын орталығымен»

                                                                                                              коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

                                                                                                              математика пәні мұғалімі

                                                                                                              Есеболатов ауылы

                                                                                                              Ақсу ауданы