2024 жылдан бастап қандай әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi көбеймек?

Уақыты: 04.09.2023
Оқылды: 1435
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдер өседі, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Тиісті үкімет қаулысы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

«2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін», - делінген құжатта.

Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

Құжат 15 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылды.

Дереккөз: «Opennews.kz»
Сурет: ғаламтордан алынды