ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ: МЕКТЕПТЕ ӨТКЕН АПТАЛЫҚ

Уақыты: 11.05.2021
Оқылды: 2752
Бөлім: РУХАНИЯТ

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты оқу процесі қашықтан жүргізіліп, ұстаздарға алғаш жаңа форматта білім беруге тура келді.

Мұғалімдерге үлкен жауапкершіліктің жүктелгені де түсінікті. Оқу үрдісінде тиімді болар деген әртүрлі платформалар ұсынылды және осы платформалармен сынама сабақтар өткізілді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында онлайн форматта апталықтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, Талдықорған қаласының №19 орта мектеп-гимназиясында жаратылыстану бірлестігінің «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» атты жаратылыстану пәндерінің апталығы өтті.

Апталықта химия, физика, биология, география пәні мұғалімдері М.Тұрғанбаева, Д.Карипова, Е.Алдоңғаров, Д.Кунафин, Б.Керімбекова, А.Бижігітова, А.Мұқашева бәріміз «Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері», «Механикалық жұмыс және энергия», «Өткізгіштің электр кедергісі, меншікті кедергісі, реостат», «Табиғат кешендеріне әсер ететін антропогендік факторлар», «Халық санағы», «Күкірт қышқылы және оның тұздары», «Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдарлары», «Өлі табиғаттағы үдерістер» деген саналуан тақырыпта ашық сабақтар өткіздік.

Педагогтар интернет платформалары арқылы бейнебайланыстар орнатып, қашықтықтан оқытудың тиімді оқу платформалары арқылы әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланды. Апталықтың жұмыс жоспарына сәйкес, жаратылыстану және ағылшын пәндері бірлестіктері 8 және 9-сынып оқушылары мен ата-аналарынан құралған топтар арасында «Қызық екен...» интеллектуалдық ойынын өткізді. Интелектуалдық ойынға 8 және 9 сынып оқушылары мен ата-аналарынан құралған командалар арасында химия, география, физика, биологиядан және ағылшын пәнінен сұрақтар беріліп, жауабын оқушылар үш тілде айтты.

Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылар мен ата-аналар арасында кері байланыстар берудің тиімді жолдары айқындалды.

М.ИМАШЕВА,

«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы МДШО» КММ химия пәні мұғалімі

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Сурет - ғаламтордан