ТАЛДЫҚОРҒАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚИЫН ОТБАСЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Уақыты: 22.10.2022
Оқылды: 3164
Бөлім: РУХАНИЯТ

А.Макаренко атындағы №6 орта мектепте 8 қиын отбасы тіркелген. Аталған отбасылар ішімдікке салынып, өздерінің балаларға деген жауапкершілігіне салғырт қарап, нәтижесінде, Талдықорған қалалық ішкі істер бөлімінің назарына алынды.

Мектепте аталған мәселе бойынша мектеп әкімшілігі және сынып жетекшілерімен талқылау өтті. Осындай қолайсыздықтың алдын алу мақсатында әр отбасымен жеке жоспар құрылып, жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Қолайсыз отбасылардағы оқушыларды мектепішілік іс-шараға қатыстыру мақсатында және сабақтан бос кезіндегі уақыттарын тиімді пайдалану негізінде «Алтын күз», «КТА», сурет салу, "Мектеп дауысы" байқауларына қатыстыру шаралары ұйымдастырылды. Оқушылардың ата-аналарымен мектеп әкімшілігі тарапынан жыл бойы әңгіме жұмыстары өткізіледі. Ата-аналарға кеңес, жадынама таратылып беріледі. Мектеп психологтарымен сәтсіз отбасындағы оқушылармен психологиялық тұрғыда әңгіме, кеңестер, сонымен қатар, оқушылардың жеке қасиеттерін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, «Шанс» оңалту орталығы қоғамдық бірлістігі және құқық қорғау органдары мамандарымен, оқу жылында бірнеше ата-ана және оқушылармен, түсіндіру, оңалту жұмыстары өткізілді.

Мектепшілік құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша қолайсыз отбасылардың тұрмыс жағдайы, оқушылардың сабақтан себепсіз қалмауы, бала бағу, басқа да тұрмыстық мәселелер бойынша ата-аналарға кітапшалар таратылды.

Республика көлемінде өтетін «Мектепке жол» акциясы жалғасын тауып, қолайсыз отбасылардағы оқушыларға қолдау көрсетілді. Олар мектепке қажетті кеңсе тауарларымен, мектеп формасымен және азық-түлікпен қамтылды.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстар нәтижетінде А.Макаренко атындағы орта мектепте 2022-2023 оқу жылында 5 қолайсыз отбасы тізімнен шығып, қазіргі уақытта қалған 3 отбасымен жекелей жұмыс жүргізілуде.

Шыңғыс НЕМЕРЕБАЕВ,

А.Макаренко атындағы № 6 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Талдықорған қаласы,

Жетісу облысы