«Жошы хан» сахналанды

Уақыты: 16.01.2024
Оқылды: 796
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қазақ тарихының кемел кезеңін қамтитын Алтын Орда заманы санада жаңғырды. Сахналанды. «Жошы хан» қойылымы көрермен көңілін аспанмен астастырып, қиялын сонау Дешті Қыпшақ даласына жетелегендей көрінді.

Қазақ театр өнерінің қамбасына қосылған аталмыш тарихи драманың режиссері Болат Ұзақов. Туынды «Шыңғыс ордасы» мен «Қазақ ордасы» атты екі бөлімнен тұрады. Шыңғыс хан мен ұлы Жошы арасындағы қарым-қатынас, ел басқару ісіндегі қабылдаған шешімдер суреттелетін тарихи драманың авторы драматург Думан Рамазан екенін айта кеткен жөн. 

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының 50-ге жуық әртісі өнер көрсеткен қойылым соңында режиссер: «Жошы хан тұлғасын, адами қасиеттерін бір спектакльге сыйдыру қиын. Біз бұл жерде нақты Жошы ұлысының Шыңғыс хан империясынан бөлініп шыққан кезеңін алып отырмыз. Мұның басында Жошы болды, содан бастап мемлекеттігіміздің басы басталды», – дейді. 

Айта кетерлігі, елімізде Жошы ұлысының 800 жылдығына орай ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: egemen.kz