ТАЛДЫҚОРҒАНДА "СЕРПІЛІС" КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Уақыты: 21.06.2019
Оқылды: 1165
Бөлім: РУХАНИЯТ

Көркемөнер галереясында Қазақстан жас суретшілер одағы мүшелерінің және облыстың кәсіпқой жас суретшілерінің туындыларынан жинақталған «Серпіліс» атты көрме ашылды.

Ұлттық рухани құндылықтарымызды дәріптеу мен жастардың өнерін насихаттау мақсатында Қазақстан жас суретшілер одағы мен Көркемөнер галереясы ұйымдастырған бұл көрмеге жиырмадан астам туынды қойылды. Ұлттық мәдени-мұрамызды насихаттайтын кескіндеме, гобелен, киізден басылған ерекше туындылардан мәдени-мұраға деген жаңаша көзқарасты байқауға болады.

Көрмеде Мөлдір Әбілжан мен Шолпан Жалғасбаеваның ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлттық мәдениетіміздің бір бөлшегі саналатын киізден өрнектелген ұлттық нақыштағы ерекше туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Одан бөлек, әлемде болып жатқан түрлі оқиғалар мен өзгерсітерді, адам бейнесінің өзгеше көріністерін қағаз бетіне түсірген Раушан Саргулова, Мөлдір Қасымбекова, Аделина Нистер сияқты жас суретшілердің жұмыстарын да тамашалай аласыздар.

Айсұлу ЧЕЛЕКЕН

Фото - автор