"МӘДЕНИЕТ - ҰЛТ МӘЙЕГІ": БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Уақыты: 29.12.2019
Оқылды: 1228
Бөлім: РУХАНИЯТ

Бүгінде мәдениет мекемелерінің желісі 577 нысанды құрайды. Оның ішінде, Мәдениет үйлері мен клубтар, кітапхана, музей, галерея, архив, облыстық мәдениет мекемелері бар. Сонымен қатар, облыс көлемінде 88 халықтық, үлгілі атағы бар ұжым мен 1452 көркемөнерпаз үйiрмесі жұмыс iстейдi.

Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында Панфилов ауданы, Головацкий ауылдық Мәдениет үйі ашылды. Сонымен қатар, облыс бойынша 3 Мәдениет нысанына күрделі жөндеу, 9 Мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарына және 27 жобалық-сметалық құжат әзірлеуге барлығы 1037,0 млн.теңге қаражат бөлінді.

Биыл облыс аумағында 48 961 шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы аясында 26 жоба бекітіліп, іске асырылуда.

Өнердің өрісін кеңейтуге күш-жігерін сарп етіп жүрген таланттыларымыз да сан додадан жүлдегер атанып жүр. «Жырлайды жүрек» ХІІ облыстық әншілер байқауынан қарасайлық Ерғали Ағайдаров, ескелділік «Самғау» квартеті бас жүлдені иеленді. Композитор М.Егінбаев шығармашылығына арналған «Сәйгүлік» атты республикалық әншілер байқауынан «Халық оркестрінің сүйемелдеуімен ән айту» номинациясы  бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан Мұқият Асқар бас жүлдені, Алмат Избамбетов 1-орынды иеленді. «Халықтық және классикалық жанрда ән салу» номинациясы бойынша 1-орынды жамбылдық Ұлжан Ағлақова иеленсе, «Эстрада жанрында ән салу» номинациясы бойынша талдықорғандық Гүлім Ахманова жеңімпаз атанды. Ал, І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында 19 наурыз күні «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы аясында ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ұ.Айнақұлованың «Менің әнім» атты жеке шығармашылық кеш өтті.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен ХІІІ «Ақ көгершін» Халықаралық балалар шығармашылығы байқауынан «Вокал» номинациясы бойынша Амина Тоқтарова, «Хореография» номинациясы бойынша Ескелді ауданының «Айназ» би ансамблі, «Аспапта ойнау номинациясы» бойынша Ерсалым Адай мен Нұрғиса Нұранбек бас жүлдені қанжығасына байласа, Біржан Нұрмыхаметов І орын иегері атанды.

Облыс бойынша халықтық атағы бар және әуесқой театр ұжымдарының қойылымдары Бикен Римова атындағы драма теа- трында ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Ақсу ауданының «Ақсу халық театры», Іле ауданының «Ақши халық театры», Панфилов ауданының «Дәнеш Рақышев атындағы халық театры», Көксу ауданының «Мұқыры халық театры», Кеген ауданының «Кеген халық театры», Қарасай ауданының «Қарасай жастар» театры көрерменді рухани сусындатты.

«Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблі Ақтөбе қаласында өткен «Жұбановтар әуені-2019» Халықаралық ұлт аспаптар оркестрлер және ансамбльдер фестиваль-байқауына облыс атынан қатысып, жүлделі ІІ орын иегері атанды. Облыс орталығында Мұқан Төлебаев атындағы V Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлар, «Кестелі орамал» вокалистер байқауы ұйымдастырылды. Байқауға АҚШ, Ресей, Беларусь, Монғол, Өзбекстан мемлекеттерінен өнер шеберлері сынға түсті. Оған қоса, Тараз қаласында өткен «Көне Тараз күмбірі» республикалық байқауда Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамблі Бас жүлдені иеленді.

Балаларды қорғау күні мерекесіне орай ұйымдастырылған облыс әкімінің жүлдесі үшін өтетін дәстүрлі ХVІІ «Жетісу жұлдыздары – 2019» байқауының Гала-концерті Талдықорған қаласының «Жастар» мәдени-демалыс саябағында өтті.

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына ақын Ә.Тәжібаевтың шығармалары, Ә.Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» тарихи романы таңдалып, облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен «Дара тұлғалардан қалған мол мұра» атты «дөңгелек үстел» мен «Ә.Тәжібаевтың оқулары» өтті. Сондай-ақ, І.Жансүгіровтің туғанына 125 жыл толуына орай облыстық кітапхана «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты поэзия, Ж.Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде «Тыңда, дала, Жамбылды», С.Аронұлының әдеби-мемориалды музейінде «Жамбыл сөзі – халық сөзі мәңгілік» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Ілияс әлемі» көрмесі қойылды.

Талдықорған қаласы «Көктем-grand» кешенінде Халықаралық ЮНЕСКО өкілдерімен «Музей ісі және тарихи-мәдени мұра» семинар-тренинг өткізілді. Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы мен ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы кластерлік бюросының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО объектілері туралы ақпаратты арттыру» тақырыбында семинар өткізілді.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық Мәдениет үйлері мен клубтары арасындағы облыстық байқау өтті. Барлығы 14 аудан, 1 қала бойынша 29 ауылдық Мәдениет үйі мен клубтары сынға түсті. Мәдениет қызметкерлері күнінің салтанатты шарасында «Жетісу өңірінің халық және халық композиторларының әндерінің» антологиясының тұсауы кесіліп, көпшілікке ұсынылды. «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында наурыз айында мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар мен тарихшылар тобын құру бойынша «Өлке тарихы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. Сондай-ақ, «Өлке өнері» атты кәсіби суретшілер арасында облыстық байқау ұйымдастырылды.

ІІ Халықаралық «Мәңгілік Елдің мәңгілік сарыны» атты дәстүрлі музыка фестивалі қыркүйек айында орын алып, фестивальге алыс-жақын 9 мемлекеттен келген және қазақстандық саз саңлақтары қатысып, түбі түркі елінің саз өнеріне сусаған елдің көңілін көкжиекпен астастырғандай болды. Сондай-ақ, 23-27 қыркүйек күндері облыс орталығында 7 мемлекет, 5 облыстың қатысуымен «Сұлулық әлемді құтқарады» суретшілер симпозиумы өтті. Қазақстанның Халық әртісі Дәнеш Рақышев атындағы республикалық әншілер байқауы орын алып, республикамыздан 30 әнші сынға түсті. Нәтижесінде Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі Бейбіт Мұсаев байқаудың бас жүлдесін иеленді. Оған қоса, Айдана Анапьяева және Бейбіт Мұсаев қазақ көрнекті ақын-жазушылары І.Жансүгіров, Б.Майлин және С.Сейфуллиннің 125 жылдығына орай Түркия мемлекеті Сакария қаласында «Түркі әлемінің көшбасшылары: Қазақ әдебиетінің үш арысы» атты конференция аясында өткен мәдени шарада өнер көрсетті.

«Бір ел – бір кітап» ак­циясы бойынша ақын Ә.Тәжі­баевтың лирикалық жыр­­­ла­рын, даналыққа то­лы дастандарын, қоғам қай­раткері Ә. Кекілбаевтің тағылымы мол мұраларын насихаттауда облыс кітапханаларында 1026 шара ұйымдастырылғанын да атап өткен жөн.

Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы мен «Алатау әуендері» концерттік бірлестіктері 28 гастрольдік сапарға шығып, 228 концерт пен 17 қайырымдылық шара ұйымдастырды. 

Б.Римова атындағы облыстық драма театр сахнасында 77 спектакль қойылды. Үш бірдей премерьа – Б.Қайырбековтің «Достар серті» мюзиклі, Ж.Омаровтың балаларға ар­­­­­­налған «Құлыншақ пен Бөлтірік» ертегісі, Е.Төлеубайдың «Үзілген тамыр» драмасы сахналанды. Гастрольдік сапармен Жамбыл облыстық орыс драма театры, Алматы қаласының Бәйтен Омаров атындағы «Жас сахна», Солтүстік Қазақстан облыстық С.Мұқанов атындағы музыкалық дарама театлары келіп келіп, облыс жұртшылығына өз өнерлерін көрсетті.

«Музейге сый» акциясы аясында «Музей қорына үлес қос», «Көненің көзі, асылдың сынығы» атты шаралар ұйымдастырылып, му­­­­­­зей қоры барлығы 240 экспонатқа толықтырылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы 6 көрме ұйымдастырды. Оның ішінде 3 жылжымалы көрме мен орталық залдары бойынша 131 экскурсия жүргізілді. Облыстық көркемөнер галереясында 26 көрме (3 жеке, 17 жинақталған, 6 жылжымалы), 105 экскурсия жүргізіліп, оқу орындарында мен галерея залдарында 46 дәріс оқылды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Алматы облысының мемлекеттік архивіне 100 жыл толуына орай «Жетісу архив қызметіне – 100 жыл» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция барысында ұжымға облыс әкімі жеңіл автокөлік тарту етті. Облыстық архив мекемелерінде жалпы 5274 қор, 1 505 151 сақтау бірліктері сақталуда.

Шетелдермен, еліміздің басқа өңірлерімен мәдени қатынас бағытында Халықаралық «Tika» компаниясы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Түркия мемлекетінің Стамбул, Анкара қалаларының тарихи-мәдени орталықтарында музейлердегі жаңа инновациялық технологиялар мен музейлік жаңа әдістерді игеру мақсатында басқарма басшысының орынбасары Әлия Жақыпбекова оқудан өтті. Сонымен қатар, Әлия Әлімжанқызы Мәдениет министрлігі мен Халықаралық «TIKA» ұйымымен бірлесе ұйымдастырған Түркия еліндегі Анкара, Стамбул қалаларында «Мәдениет саласындағы жаңа инновациялық технологиялар» іс-тәжірибесінен өтті. 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе қаласының 150 жылдығы, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе «TIKA» Халықаралық ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілген облыстық филармонияның 75 жылдығына орай «Жұбановтар әуені – 2019» Халықаралық ұлт аспаптар оркестрлері мен ансамбльдер фестиваліне Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының «Адырна» ФЭА қатысып, ІІ орын иеленіп, лауреат атанды. 

Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Елшілігі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесе отырып, екі елдің музейлері арасындағы мәдени-гуманитарлық тәжірибе алмасуды тереңдету және ынтымақтастықты кеңейту мақсатында үстіміздегі жылдың 30 шілде - 8 тамыз аралығында Қытай жерінде (Пекин, Синин, Ланьжоу қалаларында) Қазақстан музейлерінің жоғарғы буын басшыларына арналған семинар ұйымдастырып, облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Күләш Исабекова қатысып, халықаралық дәрежедегі сертификат алды. 

Ресей астанасы Мәскеу қаласының 872 жылдық мерекесіне орай ХШЖК-де Қазақстан Республикасының павильонының ашылу салтанатына орай қазақ халқының мәдениетімен таныстыру және насихаттау мақсатында М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі ұлттық өнерге қатысты жәдігерлер негізінде көрме безендіріп, Сүйінбай атындағы филармонияның әртістері өнер көрсетті. 

Сүйінбай атындағы облыстық филармония әртістері Бейбіт Мұсаев, Айдана Анапьяева, Александра Ревкова, Салтанат Дүмшебаева және «Алтынай» МХБА бишілері Тайланд мемлекеті, Бангкок қаласына барып, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік концерт берді. Оған қоса, филармония әртістерінің қатысуымен Алматы облысының ішкі істер департаментінің Нұр-Сұлтан қаласындағы мәдениет күндеріне арналған мерекелік концерт өтті.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Алматы облысының мәдениет күндері өткізілді. 

Қазақ мәдениетін көтеру, өңірдегі таланттардың жолын ашу, ұлы құндылықтарымызды құнттап, ұлттық мұраларымызды насихаттау барысында осындай көптеген игі істер мен жетістіктерге жеттік. Биыл мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы облыс әкімінің қолдауымен сан мың шараға ұйытқы болып, шетелдік мәдени нысандармен меморандумға қол қойып, ел ризашылығына бөленді десек артық айтқандық емес. Алдағы жылда бұл жетістік еселене түсетініне сеніміміз кәміл.

Мәрлен КӨЛБАЕВ,

Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы