Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

БАЛАБАҚШАҒА ҚАБЫЛДАУ: ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР ТОПТАМАСЫ ТАЛАП ЕТІЛЕДІ?

Уақыты: 24.09.2020
Оқылды: 378
Бөлім: РУХАНИЯТ

Білім саласында көрсетілетін қызметтердің бірі - «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау». Аталған қызмет тұтынушыларға келесі құжаттар топтамасы негізінде көрсетіледі:

  1. Тұтынушының баланы балабақшаға қабылдау туралы еркін нысандағы өтініші;
  2. Қалалық білім бөлімінің берген жолдамасы;
  3. Баланың ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің біреуінің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және көшірме;
  4. Баланың денсаулық паспорты;
  5. Баланың денсаулығы туралы анықтама.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәртібі: құжаттар топтамасын тапсырғаннан бастап 30 минуттан артық емес, оның ішінде құжаттарды тексеру мен қабылдау 15 минуттан артық емес.

Қызмет көрсету нысаны қағаз түрінде. Қызметтің нәтижесі - баланы мектепке дейінгі білім беру ұйымына қабылдау. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну қағаз түрінде. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін жүзеге асырылады, сонымен қатар, қағаз жүзінде берілетін құжаттар топтамасына қаражат сұрау немесе қағаз жүзінде көмек көрсетуге қатаң тыйым салынады.

Осындай жағдайлар байқалған жағдайда жедел шағымдану телефондары арқылы балабақша меңгерушісіне немесе балабақшаның бірінші қабатында орналасқан өтініштер мен арыздар жәшігіне жазбаша түрде ұсынылуға жағдай жасалған. Көрсетілген қызмет алдын-ала жазылусыз, жедел қызмет көрсетусіз, күту тәртібімен балабақшаның жұмыс күндерінде: дүйсенбі мен жұма аралықтарында сағат 09.00-18.00-ге дейін көрсетіледі.

Түскі үзіліс сағат 13.00-14.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты тұлғалардың шешімдеріне қанағаттандырылмаған жағдайда (әрекетсіздіктері болған жағдайда) жергілікті атқарушы орган басшыларына шағымдануға болады. Шағымдануға қатысты шешімдер 5 күн мерзімінде көрсетілуге тиіс. Жергілікті атқарушы органдардың шығарған шешіміне келіспеушілік пайда болған жағдайда шағымды уәкілетті органға жолдауға мүмкіндік бар.

Шағым тіркелгеннен бастап 15 күн ішінде қарастырылады. Бұл жағдайда да келіспеушілік болса, ҚР Заңнамасында берілген тәртіппен сотқа жүгінуге болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Ол үшін 8-800-080-7777, 1414 байланыс телефондары арқылы тегін хабарласа аласыз.

«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сурет - ғаламтордан