ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ NIS КОРЕЯМЕН ТЫҒЫЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ОРНАТТЫ

Уақыты: 07.12.2020
Оқылды: 1130
Бөлім: РУХАНИЯТ

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Корея Республикасы Седжон қаласының «Арым» орта мектебі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Зияткерлік мектеп директоры Виктор Сосин мен Корея Республикасының «Арым» орта мектебінің директоры Ким Сун Ми ханымның кездесуі онлайн режимде өтті.

Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту, мектептегі корей тілі мен мәдениетін дамыту, Қазақстан мен Оңтүстік Корей мектептері арасында оқушыларды алмастыру, сонымен қатар, онлай форматта сабақтар, жобалар жүргізу мәселелері талқыланды.

Талдықорған қаласындағы Зияткерлік мектебінің оқушылары 2011 жылдан бастап корей тілін үйренуде. 2018-2019 оқу жылында 10-сыныпқа корей тілі екінші шет тілі ретінде оқыту міндетті болып табылып, оқу жоспарына енгізілді.

2012-2015 жылдар арасында мектепте «Қазақстан-Корея»студенттерін алмастыру бойынша жоба жүзеге асырылып келеді. Оқушылар Сеул қаласындағы Танже мектебінде оқып, тәжірибе жинады. Сонымен қатар,Қазақстан делегациясы құрамында Сувон қаласында өткен Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің жастар экологиялық форумына қатысты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"