Дарабоз батыр дидары

Уақыты: 22.05.2017
Оқылды: 6289
Бөлім: РУХАНИЯТ

Ерлігімен, өрлігімен ел есінде қалған даңқты қолбасшы, батыр Қаракерей Қабанбайдың туғанына  биыл 325 жыл. Абылай ханның өзі «Дарабоз» деп ат қойған, Бұхар жырау «Көкірек әулие» деп төбесіне көтерген, Түркістанда халқы «Хан Батыр» сайлаған, 103 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен баһадүр бабамыз қазақтың алып даласын ауыздықтан су ішіп, мұз жастана жүріп қорғаған. 
Ұлы тұлғаның есімі елімізге ғана емес өзге мемлекеттерге де мәшһүр.  Қытай мен Түркия елінде тас мүсінінің қойылуы – соның дәлелі. Қытайдың Іле аймағы Көлденең жайлауында 4257 метрлік биік шың «Қабанбай шыңы» деп  аталады. Ал түркиялықтар тіпті Қабанбайды «мыңжылдықтағы бас батыр» деп таниды. Еліміздің әр өңірінде батырға арналған ескерткіштер қойылған. Соның бірі  Талдықорған қаласының «Қаратал» шағын ауданында 2009 жылы бой көтерген еді. Бабамыздың 325 жылдығына орай облыс орталығында өтетін ғылыми-тәжірибелік конференцияға жиналған қауым алдымен осы ескерткішке барып тәу етіп, гүл шоқтарын қойды. 

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт сөз сөйлеп, Елбасының бүгінгі рухани жаңғыру тұрғысында ел алдына қойып отырған мәселесі, «Туған жерге туыңды тік» деген жалынды бастамасы осы бабаларымызға тағзым етіп, құрмет көрсетуден бастау алу керектігін, сонда ғана өр рухты жастарды тәрбиелей алатындығымызды жеткізді.
Облысымыздың Құрметті азаматы Аманғазы Шегіров те өз жүрекжарды лебізін жеткізіп:
– Қаракерей сынды рухты батырлардың арқасында біз қазақ елі болып,  әлемге танылып жүрміз. Өмірін аттың жалында өткізген, қолынан қаруын тастамай, тірлік кешкен батыр бабаларымызды ұлықтау, олардың өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз. Бүгінгі іс-шара соның бір парасы, – деді.
Ескерткіш басында сазгер Мұратхан Егінбаев Қабанбай батырға арнап жазған жаңа әнін орындады. 
І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында жалғасын тапқан «Дарабоз батыр – Қабанбай» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияны облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуалиев ашып, тәуелсіздігіміздің арқасында қаншама ескерткіштер бой көтеріп, батырларымыз бен ақындарымыздың, Алаш қайраткерлерінің есімі халыққа танылып жатқанын, жоңғарға қарсы соғыста қазақтың бас батыры болған Қабанбайдың мерейтойы министрліктің шешімімен ел көлемінде тойланып жатқанын айтып өтті.
Алғашқы болып «Қабанбай батыр есімі мен байрағы – Түркі мұсылман халқының ұлт-азаттық қозғалысының дем берушісі» тақырыбында сөз қозғаған      Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтыбай:
– Қабанбай бабамызды зерттеу 90-жылдардан бастау алып еді, бүгінде тарихтың, мәдениеттің үлкен бір саласына айналды. Қабанбайтануға байланысты көптеген зерттеу мақалалар, тарихи очерктер дүниеге келді. Алтайдан бастап Түркияға дейін ескерткіштер орнатылды. Соған байланысты бір-екі дерек айта кетейін. Моңғолияға экспедицияға барғанымда Қабанбай батыр бабамыз туралы деректер бар ма екен деп арнайы іздестірдім. Сонда Абылай хан, Қабанбай, Қошқарбай батырлар туралы мынандай деректерге тап болдым. Абылай қазақ халқының басшысы, ұлы ханы, ал Қабанбай бас батыры ретінде суреттеледі. Кез келген тарихи қайраткердің есімі азан шақырып қойған атымен емес, халықтың берген есімімен дараланатыны белгілі. Қабанбай батыр ақыл, парасаттың иесі, тұлғалы батыр ретінде суреттеледі. Іле қалмақтарының арасында да Қабанбайдың есімі айтылатынын естідім. Осыны зерттеу ойымда бар, – деді. 
Сөз арасында ғалым Қабанбай батыр есімі мен байрағы түркі мұсылман халқының ұлт-азаттық қозғалысына дем бергендігі турасында мына бір тарихи оқиғаны мысалға келтірді.
1864 жылы Қытайда түркі мұсылман халықтарының қытай басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалысы өтеді. Сонда дүнгеннің атақты Бүр батыры Шәуешек қамалын алар кезде қазақ, ұйғыр, дүнген қолдары кемістеу болғандықтан бата алмайды. Сонда Бүр батыр «Маған Қабанбайдың сауытын, туын беріңдер, мен қабанбайлап, ұрандап шабамын. Менің артымнан атой салып жүріңдер», –  деген екен. Бүр батыр Қабанбайдың сауытын киіп, ақ туын қолына алып шапқанда қытай жасақтары қаймығып қалып, олардың тас-талқанын шығарыпты.
Осылайша Қабанбай бабамыздың есімі өзі қайтыс болғаннан кейін де түркі мұсылман халқының ұранына айналып, 100 жылдан астам уақыт туы ұлт-азаттық көтерілістерде желбіреп тұрған. 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Амангелді Төлемісов батырдың өмір жолдарына тоқталып өтті.
Әкесі Қожақұлдан үш ұл тараған, олар – Есенбай, Есенаман, Ерасыл. Ерасыл дегеніміз – Қабанбай батыр. «Ерасыл» деп азан шақырылып қойылған есімге кейіннен жеңгелері алып денесіне орай «Нарбала», жолдастары әкесіне тартқан батыр болар деген оймен «Ізбасар» деп атберген.  
Қабанбайдың жан жары Гауһар (шын есімі Майсара) – бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы. Қабанбай батырмен  бірге бірқатар шайқастарға қатысқан. Ерлі-зайыпты қос батырдың тұла бойы тұңғышы – Назым қыз да батырлығымен көзге түскен. Дарабоздың Үмбетей, Кішкентай, Сырымбет, Едіге, Байтық, Мойнақ, Әлі деген жеті ұлы болған. Оларды «Жеті Қабанбай» деп атаған. Кенжесі  Әлі жоңғардың соңғы ханы  Әмірсананың Мәней деген қызына үйленіп, одан бес перзент көреді. Оларды шешесінің атымен «Бес Мәней» дейді екен. Осы Әлі әкесінің асын өткізген, үш мың жылқы айдаған ірі бай болды деген деректер бар.
Ерасыл әкесінен жеті жасында жетім қалады. Бірақ Қожағұлдың елі мен жұртына сіңірген еңбегі оның балаларына жетімдіктің тақсыретін тарттырмайды. 
Есенбай ағасының өліміне байланысты бірнеше мәлімет бар. Бірінде жылқыдан құлап, енді бірінде жоңғардың батыры Арсылан садақпен атып, келесі бір деректе жоңғардың қолында қарнын жарып, азапталып өлтірілді делінген. Ерасыл ол кезде бір мәліметте 13 жаста десе, енді бірінде 16-да деп келтірілген. Алғашқы батырлығы да осы оқиғамен байланысты. Ағасының кегін алу үшін, жалғыз өзі аттанып, жолда жөн сұрасқан Ерденен деген қырғыз жігітімен танысып, жоңғарларға барып Арсыланды өлтіріп, ағасының кегін алады да, Алтайдағы Керей еліне тұрмысқа шыққан әпке-жездесін барып паналайды. Сол жерде аңға шығып, өзіне қарсы шапқан қабанды өлтіріп, жездесі «Қабан батыр» атап кетеді десе бір мәліметте, ал екіншісінде, тау ішінде жайлауға бет алған көштің жолын бөгеген екі өгіздей қабанды шоқпармен ұрып өлтіреді, риза болған ел «Қабан батыр» деп кеткен екен дейді. Бұл ел арасына тез тарайды. 
Қабанбай батыр Қытай жазбаларына 1757–1758 жылдардан бастап «қазақтың туму батұлы – яғни бас батыры» ретінде хатқа түсіп, Қазақ хандығының Абылай, Әбілпейізден кейінгі 3-ші, кейде Абылай, Әбілпейіз, Әбілмәмбеттен кейінгі 4-ші ірі тұлғасы ретінде аталып отырады. Циянлұң патшаның 1760 жылы 25 наурыз күні Қазақ хандығына жолдаған хатында: «Қазақтың Аблмамбет, Аблай, Әблпейіз және Қабанбайларына...» деген есімдердің аталуына қарап біз осындай тұжырымға келеміз. Мұның өзі сол Абылай заманында өткен қазақтың ұлы жыраулары Бұқар, Үмбетей, Саршуаш, кейінгі Мәшһүр Жүсіп, Құрбанғали аталарымыздың Қабанбай батырды бар батырдың басына қойып жырлаған жырларымен және жазба деректерімен сәйкес келіп отыр.
Орыс тарихшыларының жазбаларында да Қабанбай батыр айрықша аталып отырады. Орыс тарихшысы Кузнецовтың 1750 жылдардағы жазбасында: «Қазақ қолының солтүстік шығыс бөлігін Қабанбай батыр бастап, оңтүстік шығыс бөлігін Абылай бастап жоңғарларды шығысқа қарай тықсырып барады» – деп жазса, тағы бір орыс тарихшысы Веляминов-Зернов 1752 жылдары Еділ қалмақтары Қытайға қоныс аудармақ болған кезде іргелес отырған Қарақалпақ елін өздерімен бірге зорлап көшіріп әкетіп, жол азық ретінде пайдаланбақ болғанда сол елді қалың қол бастап құтқарып қалған адам қазақтың Қабанбай батыры екендігін жазған.
Соғыс болмайтын уақытта Қабанбай батыр жасақ жинап, тұрақты түрде соғыс тәсілдеріне үйреткен. Қабанбай жасағын Тарбағатай тауының үстіндегі Мыңбұлақ бастауларының жанындағы Ақбет биігінің төбесіндегі кең жазықта жаттықтырған. Мақсаты  тұрақты әскер жасақтау болған деген де деректерді келтірді.
«Қаракерей Қабанбай аманаты тарихи сана және ұлт-ағарту кеңістігінде»  деген тақырыпта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Кәкен Қамзин баяндама жасады.
– Дарабоз бабамыз қолдан жасалған, әсіреленген тұлға емес, талғампаз тарихтың, салиқалы елдің бел баласы. Хақтың қазаққа тартқан ерекше сыйы. Басқаша айтсақ, Қаракерей Қабанбай батырдың аманатын осы көк байрағынан, қазақ халқына тиесілі ұлан-байтақ өрістен, сол қонысты жайлаған елдің береке-бірлігінен іздеген жөн. Оның аманаты ХХІ ғасырға аяқ басқан қазақ ұлтының сана инновациясынан, ғылыми-технологиялық қарыштауынан, мәдени-өнерінің өркендеуінен тарайды.
Қазақ ғылымының басында ұлы әл-Фараби, қазақ тарихнамасының бастау-бұлағында Қадырғали Қосымұлы мен Мырза Хайдар Дулати сынды ұлы тұлғалар тұр, заманалы қазақ сөз өнерін қалыптастырушы ұлы Абай деп айтып та, жазып та жүрміз. Ендеше, қазақ әскери өнерін тиянақтаушы, әскери стратегия мен тактиканы реформалаушы ұлы қолбасы Қаракерей Қабанбай дей алатын шығармыз. Оған ешкімнің таласы болмауы керек.
Өздеріңіз жақсы білесіздер, Мына іргеміздегі Ресей өз қандасымыз Сартақтың көмегімен Чуд көлі маңайында 1242 жылдың 5-сәуірінде тевтон рыцарьларын тас-талқан еткен Александр Невскийді ұлттық батырына айналдырып алды. Оның бейнесі орыс патриотизмінің көрінісі ретінде баршаға белгілі. Одан басқа әлем тарихынан өзіндік орын алған Арыстан Жүректі Ричард I, Саладин, Наполеон I Бонапарт, Гай Юлий Цезарь, Ганнибал Барка, Алек- сандр Македонский сияқты ел билеушілері, даңқты қолбасылар және бар. Ал осылардан қазақтың Қаракерей Қабанбайының қай еңбегі, қай жолы кем? Ұлтымыздың ұлы қолбасшысы бұларға қарағанда, ұлт-азаттық майданына басшылық жасады, әділетті соғыс жүргізді. Басқалардың жеріне де, байлығына да көз алартқан жоқ.   
Қаракерей Қабанбай батыр ғұмырын зерттеу, шындығын айтар болсақ, бертінде қолға алына бастады. Оның өзіндік себептері де бар. 1930 жылы 18 қаңтарда Сейіт Жұмағұтұлы деген кісі Ілияс Жансүгіровке араб әліпбиімен хат жазады. «Менің мекенжайым: Алматы округі, Малайсары ауданы, 2-ауыл. Мұқаншы мектебінің мұғалімі. Мұқырыдан. Тұрғын жерім – Мұқаншы», – дейді. Осы хатында ол басқа шығармалармен қоса «Қабанбай батыр өлеңі» – бір кітапша толық жібердім деп көрсетеді. 
1991 жылы Қаракерей Қабанбай бабамыздың 300 жылдық мерейтойы Үйгентас ауданында халықаралық деңгейде атап өтілгенін көзіміз көрді. Қатыстық. Осы уақытқа дейін ондай ірі шараны өз басым байқаған емеспін. Ол халықтың ұлы қолбасшыға, мемлекет қайраткеріне көрсеткен ерекше мейірімі, айрықша ықыласы еді. Дәл сол кезде қазақтың рухы көкке көтерілді, намысы шырқау биікке асқақтады. Көп ұзамай қазақ ұлты өзінің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін қалпына келтірді. Содан бері небір заман өтті, экономикалық, саяси-әлеуметтік алағай-бұлағай кезеңдерден аман-есен өттік. Құдайға шүкір, тіршілігіміз түзелді, жыртығымыз бүтінделді, тұрмысымыз жөнге келді.
Қаракерей Қабанбай бабамыз мына ұлан-байтақ жерге ел қондырды. Еліміздің түстігі, терістігі, батысы мен шығысы жанға да, малға да толды. Дегенмен бізді қазақ ауылының тағдыры алаңдатады. Біз – бәріміз ауылға қарыздармыз. Ауыл қазақтың тілін, ауыз әдебиеті, мәдениеті мен этнографиясын сақтап қалды. Қазақтың бүкіл коды ауылда. Біз енді ауылды сақтап қалуымыз керек. Бұрынғы Талдықорған, қазіргі Алматы облысындағы Қабанбай ауылы – кешегі аудан орталығы. Енді сол орталығы Қабанбай бабамыздың атымен аталған Үйгентас ауданын қалпына келтіретін уақыт жетті. Ел бар жерде – интеллектуалды өмір, қазақтың еркін жүрек соғысы бар.
Бұдан басқа айтарымыз, қазір еліміз аумағында 25 мыңдай мәдени-тарихи ескерткіш бар. Енді Ұлы қолбасшыға арналған арнайы әскери, дипломатиялық мұражай сол қатардан орын алуы қажет. Сонымен қатар Қаракерей Қабанбай батырдың ғылыми жағынан тиянақталған ғұмырнамасын шығару кезекте тұрған үлкен шаралардың бірі деп білемін. Осыларға қоса жаңа деректермен толықтырылған «Қаракерей Қабанбай батыр» энциклопедиясын дүниеге әкелу де – ауқымды шаруалардың бірі. Оның үстіне Қаракерей бабамызға арналған көп сериялы көркем фильмнің сценарийін, түсірілімін қолға алатын мезгіл де жетті, – деді. 
Баһадүр баба туралы фильм түсіру туралы ойды М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрдәулет Ақыш жалғай түсті. Софы Саматаевтың «Елім-ай», Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романдарында Қаракерей Қабанбай батырға қатысты жекелеген эпизодтар кездесетінін,  Жолдасбай Тұрлыбайұлының «Райымбек батыр» триллогиясында Қабанбайдың бейнесі батыр ғана емес, елді аузына қаратқан би, шешен ретінде де көрініс табатынын жеткізді. Қабанбай батыр туралы фильм түсіргенде осылардың бәрі жинақталып, батыр бейнесінің ашылуына ықпал етуі қажеттігін атап өтті.
«Қаракерей Қабанбай батыр» қоғамдық қорының төрағасы, кесене шырақшысы Камал Әбдірахман «Қабанбай батырдың жерленген ақ моласы» деген тақырыпта баяндама оқып, батырдың туған және дүниеден өткен жеріне қатысты деректерді алға тартты.
– Бүгінде Қазақстан Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында бабамыз туралы 18 дастан сақтаулы. Ол Қазақстан, Қытай, Моңғол жерінен жазылып алынған. Осы дастандарда соңғы демі шығарда Қаракерей Қабанбай батыр: 
Жиылып тегіс ас беріп,
Ту биені сойыңдар.
Арқаға арнап бейіт соғып,
От орныма қойыңдар, – дейді. Бұдан біз батырдың туған жері Арқа өңірі екенін пайымдаймыз. 
Батыр қайтыс болғанда қызы Назым былайша жоқтау айтады:
Жиылып тегіс, ас беріп,
Қайтқан жерін айтайын –
Есіл – Нұра арасы.
Ақ атанын шөгеріп,
Жатқан жерін айтайын –
Сарыбелдің сағасы. 
Мұнда батырдың жатқан жері анық айтылып тұр. Алайда мұның бәрі аңыз-әңгімелер, бұл тарихи шындыққа апаратын сүрлеу ғана, – деп батырдың сүйегі арқа жерінде жатқандығы туралы ғылыми негізде айғақ болатын бірқатар деректерді келтірді.
Конферения жұмысын облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қорытындылады.
– Бүгінде тәлімі зор, мән-мағынасы айрықша шараның куәсі болып отырмыз. Бабамыздың өмірі, батырлығы турасында тың деректерді де естідік. Бүгінде тарихи тұлғаларды зерттеп, зерделеуге тарихшыларымыз, көптеген белсенді азаматымыз үлес қосуда. Сондықтан бұл конференцияның артында қалдыратын ізі мол болады деп ойлаймын. 
Ендігі мақсатымыз – бұл мұраларды зерделеп, жас ұрпаққа жеткізудің жаңа жолын енгізу. Бабаларымызды ұлықтау біздің негізгі жұмысымыздың бірі деп есептеймін. Қаракерей бабамызды үлгі ете отырып жас ұрпақтың бойына патриоттық рухты сіңіруіміз керек. Бұл үлкен жүйелі жұмысты талап етеді, – деді. 
Қабанбай батыр бабамыздың 325 жылдығына орай жан-жақтан, тіпті шет мемлекеттерден де құттықтау тілектер ағылып келіп жатты. Еліміз көлемінде ұйымдастырылып жатқан шараларға үлес қосып, бастауында жүрген облысымыздың Құрметті азаматы Сейдахмет Шүрегеевке, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ғұсман Шалабаевқа, «Қаракерей Қабанбай батыр» қоғамдық қорының төрағасы Камал Әбдірахман және де басқа ұлтжанды азаматтарға деген ел-жұрттың ризашылығы үстемеленіп тұрды. 
Тағылымды шара соңында баба рухына ас беріліп, құран бағышталды.Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт сөз сөйлеп, Елбасының бүгінгі рухани жаңғыру тұрғысында ел алдына қойып отырған мәселесі, «Туған жерге туыңды тік» деген жалынды бастамасы осы бабаларымызға тағзым етіп, құрмет көрсетуден бастау алу керектігін, сонда ғана өр рухты жастарды тәрбиелей алатындығымызды жеткізді.

Тағылымды шара соңында баба рухына ас беріліп, құран бағышталды.

Халықаралық жеделхат

Мәңгілік үлгі

– Құрметті халайық, ағайын, бауыр, қарындастар, жерлестерім!
Қаракерей Қабанбай батыр бабамыздың туғанына 325 жыл толуына арнап сіздердің өткізіп жатқан салтанатты шараларыңыз, оқып жатқан құрандарыңыз бен беріп жатқан астарыңыз қабыл және құтты болсын! Қаракерей Қабанбай батыр бабамыз қатерлі қиын заманда қазақ халқының әскери қолбасшысы болған, Отанымызды, халқымыз бен жерімізді қорғап, береке-бірлігімізді нығайтып, ғасырлар бойы өшпес даңқты із қалдырған, өнегелі, теңдесі жоқ ұрпақтарға мәңгілік үлгілі мемлекет қайраткері! Сіздермен бірге Қабанбай бабамыздың 325 жылдық мерейтойы Астанамызда, Қазақстанның бірнеше облысында, Қытайда, Америкада, Ресейде, Түркияда, Еуропада, Азияда, көптеген мемлекетте аталып өтуде.
Мұндай құрметті іс-шаралар бәрімізге қуаныш! Осы мерекелерге еңбегін сіңіріп жүрген ел ағаларына, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ағайындарымызға алғысымызды айта отырып, барлықтарыңызға зор денсаулық, ұзақ та бейбіт өмір, Қазақстан Республикасы гүлденіп, дамыған әлемдегі абыройлы сыйлы, өнегелі, береке-бірлігі нығайған халық болып, қызығын көріп, ұрпақтарымыз Қаракерей Қабанбай бабамыздай отандастарымыздың мызғымас бірлігін жалғастырып, еңбектеріңіз жемісті, жеңісті болып, бәріңіз бақытты өмір сүріңіздер деп тілейміз!
Қызмет бабымен шет мемлекеттерде жүріп, Қабанбай бабамыздың осы мерекесіне қатыса алмасақ та, араб мемлекеттері мен Африка өлкелерінде атамыздың 325 жылдығын осы жыл бойы атап өтіп, құран бағыштап, сол халыққа Қаракерей Қабанбай бабамыздың даңқын жеткіземіз.
Құттықтаушы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Құрметті қызметкері, Халықаралық Қарулы Әскери Күштері мен аймақтық соғыс ардагері, дүние жүзінің Қауіпсіздік Ғылым академиясының академигі, Қаракерей Қабанбай бабамыздың ұрпағы, жерлестеріңіз генерал Нуриманов Мақсұт Ануарбекұлы.
Біріккен Араб Әмірлігі.
18 мамыр, 2017 жыл.

Алма ЕСЕНБАЕВА