"Жан -жақты  қызмет көрсетеді": Жаркенттегі бұрынғы резиденцияның қазіргі жайы қалай?  

Уақыты: 10.01.2024
Оқылды: 754

Жаркент қаласындағы әкім қаралар мен шенділерге арналған облыс әкімдігінің резиденциясы 2022 жылы 22 сәуірде бұрынғы Алматы облысы әкімнің қаулысымен балаларды оңалту орталығына берілген болатын. Бүгінде "Мерей" балалар оңалту орталығы жұмысын бастағалы бір жылдан асты. 

Орталық стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына негізделген жартылай стационарлық жағдайда сондай-ақ, бюджеттік негізде 40 балаға арналған. Оңалту орталығы 1,5 жастан 18 жас аралығындағы тірек қимыл аппараты бұзылған және жүйке жүйесінде жеңіл түрде ауытқуы бар балаларды қабылдайды. 

"Бұнда келген әр бір балаға оңалтудың жеке даму жоспары құрылады. Содан жарты жыл мен бір жыл аралығында ем шаралар жүргізіледі", - дейді мекеме басшысы Гүлнәз Кибираева. 

Орталық басшысының айтуынша, қазір орталықта қойылған әртүрлі диагноздарына қарамай бклскндә балар тәрбиеленіп өсуде. 

"Бізде қызмет алушылар әлеуметтік қызмет алудың бекітілген стандартына сәйкес сауықтыру және әлеуметтік оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан -жақты  қызмет көрсетеді. Тұрғындарға ашық есік күндерін өткізіп, балаларға мерекелік концерттер ұйымдастырамыз. Олар қойылған диагноздарына қарамай өте белсенді. Ән айтады, би билейді. Сондықтан біздің ұжым барынша жан жақты қолдау көрсетіп отырады", -  деді оңалту орталығының директоры. 

Сондай-ақ, бұнда балалардың қойылған диагнозына сәйкес арнайы біліктілік тәжірбиесінен өткен мамандар қызмет көрсетеді. 
Арнаулы әлеуметтік қызметкер, арнаулы тұрмыстық қызмет көрсету қызметкерлері мен медициналық қызмет көрсету бойынша психологиялық, педагогикалық, арнаулы құқықтық қызметтер бағытында балалардың шығармашылық қабілетін көрсете алатындай еңбек етуде. Сонымен қатар бұнда балаларды тасымалдауға арналған арнайы көліктермен де қамтамасыз етілген. 

Жалпы, Панфилов ауданы бойынша осындай санаттағы 262 ерекше бала бар.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі