Күл-қоқыстан арылтты

Уақыты: 16.04.2024
Оқылды: 183

Қаладағы ауған соғысының ардагерлері де өздерінің саптастарын жиі еске алып тұрады. Бүгін Орталық саябақтағы ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке жиналған Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің мүшелері ескрткіштің аналасын қоқыстан арылтып, ескерткіштің бүлінген тұстарын реттеп, алды-артын айнадай етіп, жуып-тазалады.

Сондай-ақ, ескерткіш жақтауындағы ауған соғысында қайтыс болған сарбаздардың есімі жазылған, алайда күн қуырып, жаңбыр шайып көнерген тақтадағы жазуларды қайта қалпына келтіру туралы ұсыныстар көтерді.