КҮН КҮРКІРЕП, БҰРШАҚ ЖАУАДЫ, ЖЕЛ СОҒАДЫ: АЛДАҒЫ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

Уақыты: 30.07.2021
Оқылды: 1996
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты маңызды ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертулері негізінде Алматы облысының кейбір аймақтарында күн күркіреп, бұршақ жауады, шығыстан жел соғады, желдің екпіні 18-23 м/с-қа дейін жетеді. Сонымен қатар, Талдықорған қаласында күндізгі уақытта күн күркірейді. Кейбір аймақтарда өрт қаупі сақталады. Қатты жауын салдарынан сел жүріп, өзен-көлдерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпараттарды жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеуге болатынын еске саламыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды