АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ВАКЦИНАНЫҢ ЕКІ КЕЗЕҢІНЕН 153 МЫҢДАЙ ДОЗА ҚАЛДЫ

Уақыты: 02.08.2021
Оқылды: 873
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жыл басынан Алматы облысына вакцинаның І компонентінен 570 655 дозасы келіп түсті. Оның 551 350-і қолданылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Ал екпенің II компонентінен 516 990 доза келіп, оның 383 422-ы қолданылып, 133 568 доза вакцина қалған. Бірінші компонентпен облыста 551 352 адам егілді, екіншісін 383 422 адам салдырды.

Вакцинацияланғандардың арасында мемлекеттік қызметкерлер – 11 849, медицина қызметкерлері – 23 338, педагогтар – 38 036, БАҚ өкілдері – 196, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) – 4142 және басқа да қызмет салаларының өкілдерінен – 428 088 адам вакцина алып үлгерді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан