ЖҮРІП БАРА ЖАТҚАН КӨЛІКТІҢ ДӨҢГЕЛЕГІ ЖАРЫЛЫП, ЕКІ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Уақыты: 19.08.2021
Оқылды: 1233
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының полиция департаменті тағы бір жол-көлік оқиғасын тіркеді. Өкінішке қарай, жол апатынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Қайғылы оқиға сағат түнгі 22:00 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолында болған. «Алдын ала мәліметтер бойынша, «Тойота камри» автокөлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының бойымен солтүстік бағытта 46 км жүріп өтіп, алдыңғы сол жақ доңғалаңы тесіліп, соның салдарынан машина 90 градусқа айналып кеткен. Осы сәтте оның артынан келе жатқан «Хюндай акцент» маркалы автокөлік жоғарыда аталған автокөлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан оқиға орнында «Тойота камри» көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы көз жұмды», - делінген полиция таратқан хабарламада. Сондай-ақ, Өтеген батыр кентіндегі орталық ауруханаға түрлі жарақаттармен осы көліктің тағы бір жолаушысы жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"