АЛМАТЫ МАҢЫНДА ДӘРІГЕРЛЕР МІНГЕН ҰШАҚ АПАТҚА ҰШЫРАЙ ЖАЗДАДЫ

Уақыты: 05.09.2021
Оқылды: 1205
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы әуежайына қозғалтқышы істен шыққан ұшақтың қонғанын мәлімдеді.

East Wing әуе компаниясының ЯК-40 типті EWZ1149 "Жедел жәрдем" ұшағы Алматы-Семей бағытына ұшып шыққаннан кейін (11:12) сол жақ қозғалтқыштың істен шыққанын хабарлап, артынша ұшу алаңына оралып, сағат 11:17-де қонған. Zakon.kz сайтының мәліметінше, ұшақ бортында экипаждың бес мүшесі мен екі дәрігер болған.

Айта кетсек, 2017 жылдың 3 қазанында East Wing ұшағы Алматы маңында апатқа ұшыраған еді. Ол да "Жедел жәрдем" ұшағы еді. Бортта бес адам: экипаж мүшелері мен дәрігерлер болды. Олардың бәрі көз жұмған. Кейін апатқа ұшыраған әуекомпания басшысы Виталий Масалитин сотталды. Тергеушілердің айтуынша, апатқа әуе кемесіндегі техникалық ақаулар мен ұшқыштардың қателігі себеп болған. Сот процесі 2020 жылы басталды. 2021 жылдың маусымында В.Масалитин ақталып шықты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"