КЕШЕ 152 АДАМ ЕМДЕЛІП, ҮЙІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ: КОВИД БОЙЫНША СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ

Уақыты: 06.09.2021
Оқылды: 913
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында кеше 279 адам індетке шалдықты. Ал 152 адам емделіп шықты. Алматы облысы әлі "қызыл аймақта" тұр. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Індетке шалдыққандарды аудан-қалалар бойынша бөліп қарасақ, Талдықорған қаласында 65 жағдай, Қарасай ауданында – 31, Көксу ауданында – 20, Талғар ауданында – 19, Іле ауданында – 18, Панфилов ауданында – 17, Кербұлақ ауданында – 16, Алакөл ауданында – 15, Сарқан ауданы мен Текелі қаласында 13 жағдайдан, Еңбекшіқазақ ауданында – 12, Ескелді және Ұйғыр аудандарында 10 жағдайдан, Жамбыл ауданында – 9, Қаратал ауданында – 7, Балқаш ауданында – 3, Кеген ауданында 1 жағдай тіркелді.

Соңғы мәлімет бойынша өңірде 2890 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаға 228 адам түсті. Ауруханадағы төсек-орындар саны - 6080. Төсек-орын жүктемесі – 47,5 пайыз. Соңғы үш күнде 9120 адамның сынамалары ПЦР зертханаларында тексерілді.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны 690 710-ға жетті. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1936. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 574 047. Соның ішінде, өткен күні екпе алғандар саны – 1417.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"